- Advertisement -

Әсем ән әуелеген күн

35

- Advertisement -

Қазақтың ұлттық өнері таланттарға кенде емес. Қазақ даласында өнерімен көптің ықыласына бөленіп жүрген өнерпаздар баршылық. Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның Халық артисі Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне елу жыл толуына орай облыс әкімдігінің қолдауымен « Баласағұн» орталық концерт залында шығармашылық кеші өтті.

Концертті облыс әкімі Ербол Қарашөкеев көпшілікпен бірге тамашалады.

Сахнаға Роза Рымбаева шыға келгенде көпшілік көрермен орындарынан тік тұрып, әйгілі әншіні үлкен құрмет-қошеметпен қарсы алды. Әйгілі әнші « Өмір-өзен», «Сағыныш», «Бақыт» атты әндер шырқаса, ол әндері залға жиналған облыс ардагерлері бастаған халықтың көңіл-күйімен үндесіп тұрғандай болды.

Тіпті, Роза Рымбаева арасында көпшілікке әзілін де арнап: «Бүгінгі күнгі концерттің жауапкершілігі жоғары. Себебі, сахнада келе жатқаныма жарты ғасыр. Осы елу жылда өнерім де, өмірім де сіздермен бірге болды. Залдағы көрерменнің көпшілігі менің замандастарым және құрдастарым деп ойлаймын. Сондықтан, сіздердің көңілден шығу оңай емес. Мен бақытты анамын. Али ұлым Тәуелсіздік құрдасы болса, Мәдидің ғасырлар тоғысында өмірге келгенін білесіздер. Тіпті, осы күні бақытты әжемін. Тоғыз айлық немереміз бар. Өмірде ең тәтті – немере екен. Сіздердің де немере-шөберелеріңіз бақыт сыйлап, өсіп-өне беріңіздер. Менің Тараз топырағына құрметім ерекше», деп ағынан жарылды.

Көпшілік алдында әншінің ұлдары, бүгінде эстрада жұлдызына айналған Әли Оқапов, Мәди Рымбаев та өнер көрсетіп, тамаша патриоттық әндер шырқады.

Роза Қуанышқызы шырқаған қазақ композиторларының және шетелдік әндер де көпшілік көңілінен шықты. Әнші Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиевтің әндерін шырқады.

Кеш соңында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев әншіні сахнадағы елу жылдық белесімен құттықтап, құрмет көрсетті. Сахнаға облыс әкімінің ықылас гүлі қойылды. Әйгілі әнші Роза Рымбаева өзіне құрметі үшін облыс әкіміне және көпшілік көрерменге алғысын білдірді.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support