- Advertisement -

Қылмыс хроникасы

32

- Advertisement -

Халықаралық іздеудегі адам құрықталды

Өңірлік полиция департаментіне бағынысты ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 49 жастағы азаматты қолға түсірді. Айта кетейік, 14 жыл бұрын бұл азаматқа қатысты тонау және бұзақылық деректерін жасағаны үшін іздеу жарияланған болатын. Жедел мәліметтерге сүйенсек, ол бірнеше жылдар бойы шет мемлекеттердің аумағында бой тасалаған.

Жамбылдық полицейлер арнайы операция жүргізу барысында іздеудегі азамат Алматы қаласындағы фитнес залдарының бірінде құрықталған. Күдіктінің бет-бейнесі өзінің туған ағасына ұқсағандықтан, полиция қызметкерлеріне ол өзін бауырының есімімен таныстырған. Ал, анықтау жұмыстарын жүргізу үшін бір мезгілде оның туған ағасы полиция департаментіне жеткізілген. Қос азаматтан саусақ іздері алынып, жеке бастары толық анықталған соң іздеудегі азамат Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

1,5 миллион теңгенің ұрлық дерегін ашты

Жуырда «102» арнасына 57 жастағы жергілікті тұрғын хабарласқан. Азаматшаның айтуынша, ұрлық ол үйде болмаған кезде жасалған. Сөзінше, белгісіз адам жатын бөлмесіндегі шкафтан 120 мың теңге сомасындағы қаражаты мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Келтірілген шығынның жалпы көлемі 1 миллион 410 мың теңгені құрайды.

Полиция қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 27 жастағы тұрғын анықталып, ұсталды. Аталған дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жоқ пәтерді жалға берген алаяқ ұсталды

Полицияға хабарласқан қос азамат пәтер жалдап, брондау үшін белгісіз әйелге әрқайсысы 12 мың теңгеден ақша беріп, алданып қалғандарын айтқан. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары барысында 35 жастағы азаматша ұсталды. Ол жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтықпен айналысты деген күдікке ілініп отыр.

 Бүгінгі таңда осы дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ, күдіктінің қақпанына түсіп, зардап шеккендер анықталуда.

 Такси жалдап, тауар ұрлаған күдікті қолға түсті

Такси қызметіне жүгінген 21 жасар жігіт қала ішіндегі бірнеше супермаркетті аралап, тауарларды жымқырған. Тергеу барысында оның супермаркеттің сөресіндегі құны 122 мың теңгені құрайтын тауарды қолды етіп, жалдамалы көлікпен кетіп қалғаны анықталған. Ал, жас жігіт өзінің мұндай қадамға сауда орындарында бақылау камераларының бар-жоқтығына көз жеткізген соң барғанын айтқан.

Қазіргі таңда аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сондай-ақ, күдіктінің қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

 

Есен ӨТЕУЛІ.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support