- Advertisement -

Зағип оқушылар гипстен мүсін жасады

14

- Advertisement -

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен халықаралық «Ақ таяқ» апталығы аясында «Жандүние үйлесімі» атты тақырыпта 2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларына Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, облыстық оңалту орталығының маманы Қазым Аманқосов көру мүмкіндігінен айырылған балаларға өзінің қолөнер бұйымдарынан, оның ішінде ағаштан, гипстен, темір бұйымдарынан көрме жасады.

Көрмеге ата-бабамыздың көрген азабынан кейін, аңсаған арман орындалған күннің, ел іргесін қалағандағы егемендігінің символы бейнеленген өнер туындысы қойылды. Оқушыларға Ортекенің шығу тарихымен, жасалу технологиясы түсіндіріліп, автор «Ерке сылқым» күйімен Ортекені күй ырғағымен билетті. Сондай-ақ, гипстен тағылымды тарихы бар балбал тастардың және Қазақ халқының біртуар жазушысы Шерхан Мұртазаның мүсінін балалармен бірге жасап шеберлік сағатын өткізді. Мектеп директоры Эльмира Жақсылықова балалар өз қолдарымен жасаған мүсіндерді мектеп музейіне қоюға тапсырды.

Сондай-ақ, №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларына физика-математика бағытындағы Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің «Art Lab» үйірмесінің жетекшісі Индира Губашева шәкірттерімен қыш бұйымдарынан көрме және шеберлік сағатын өткізіп, мүмкіндігі шектеулі балалармен тәжірибе алмасты.

Аталған арнайы мектеп-интернатындағы іс-шараға суретші Сәуле Мұсаева да қатысып, көру мүмкіндігінен айырылған балаларға өзінің қолөнер бұйымдарынан, оның ішінде ағаштан, шиден және жамбылдық суретшілердің суреттерінен көрме жасады.

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында суретші, зергер Мұрат Жексенбиев кездесу өткізіп, көрме жасақтады. Көрмеге қазақтың ұлттық сәнді әшекей бұйымдары мен ат әбзелдері және этнографиялық ыдыстары қойылды. Іс-шарада аталған кітапхана директоры Жанна Алтынбекова сөйлеп, қонақтарға алғысын білдірді.

 

Зарина ДҮКЕНБАЕВА,

облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы директорының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support