- Advertisement -

Сібір жарасы туралы жадынама

59

- Advertisement -

Сібір жарасы – шөпқоректі жануарлар мен адамның аса қауіпті жұқпалы ауруы.

Қоздырғышы – сібір жарасының таяқшасы. Адамның жұқтыру көздері – үй жануарлары (мүйізді ірі қара мал, қой ешкі, шошқа). Жануарлар көбінесе ауру малдардың бұрынғы көмінділеріне жақын жерлерде жайылғанда жұқтырады, оларда қоздырғыштар спора түрінде белгісіз ұзақ уақыт сақталады.

Жұғу әсіресе шөп құрғақ және қатайған тұста кілегей қабықшалары жеңіл жарақаттап, споралар жануардың ағзасына енетін кезде, яғни жаз айларында болады.

Адам ауру малды күткенде, терісін түсіргенде, етін бөлгенде, өлекселерін көмгенде, ауру зарарданған ет пен сүтті пайдаланғанда және тамшылы-ауа жолымен споралар жұқтырған жүнді, теріні өңдегенде жұқтыруы мүмкін.

АУРУДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ

  • Сібір жарасының терілік түрінде инфекция енген тұс қышитын болады, іріңді таңба пайда болып, ол көпіршіктене бастайды, 2-6 күннен кейін қара қабыршақ пен көмкерілген жараға айналады. Жара төңірегінде ауырсынудың байқалмауы немесе төмендеуі тән болады. Дене қызып, бас ауырады, дене сырқырайды.
  • Өкпелік түрінде алғашқы белгілері тұмауға ұқсайды: дене қызады, қалтырайды, қақырық бөлінеді. 3-5 күннен кейін жедел өкпе жетіспеушілігі, токсикалық шок дамып, өлім- жітімге ұшыратады.
  • Ішектік түрінде іш қатты ауырады, құсады, қан аралас сұйық несеп бөлінеді.
  • Жалпы улану белгілері (дене қызуының 39- 40 градусқа дейін көтерілуі), жалпы әлсіздену, қалжырау, бастың қатты ауыруы, бас айналу, жүректің жиі соғуы) бірінші тәуліктің соңына қарай немесе аурудың екінші күні пайда болады.

СІБІР ЖАРАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

  • Ауру малды күткенде жеке қорғаныс құралдарын қолдану (резеңке қолғап, плащ, противогаздар) керек.
  • Қызмет бабы бойынша сібір жарасын жұқтыру қатері бар адамдар профилактикалық егуден өтуі қажет.
  • Үй жануарларын сібір жарасына қарсы профилактикалық вакцинациядан өткізу керек.
  • Сібір жарасынан жануарлар өлген жағдайда олардың өлексесі міндетті түрде өртеліп, жойылады.
  • Малыңыз кенеттен ауырған немесе өлген жағдайда міндетті түрде мал дәрігеріне хабарлаңыз.
  • Малыңызды сояр алдында ветеринариялық тексеруден өткізіңіз және өткізуге арналған малды міндетті түрде мал сою орындарында ғана сойылуын қамтамасыз етіңіз.

Өз денсаулығыңызды қамтамасыз ету үшін мал дәрігерлік құжаттары және сатуға тиісті рұқсаты жоқ мал етін жеке адамдардан сатып алмау керек.

Ауруға күдік туғанда дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

 

Облыс әкімдігінің ветеринария басқармасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support