- Advertisement -

Жаңа кешен – көпшіліктің олжасы

7

- Advertisement -

Қазіргі таңда мемлекет маған не береді деп емес, мемлекетке мен не беремін дейтін кәсіпкерлер көбейгені қуантады. Сондай жомарттардан үлгі алып жүрген кісінің бірі өзіммін.

Өз тарапымнан жасалған біраз игіліктің пайдасын көпшілік көріп келеді. Жамбыл ауылынан бассейн ашып, ауыл халқының игілігіне бердік. Бассейн қожайыны балам – Ержан Қырғабақов. Мұнда келушілерге де баға да қолжетімді.

Осы «Нұрдәулет» спорт кешеніне аудан әкімі Жорабек Баубеков келіп, кешеннің лентасын қиды. Ол жеке кәсіпкер Ержан Әшенұлына алғысын білдірді. Сондай-ақ, спорт ардагері Құдайберген Жантаев жылы лебіздерін арнады.

Мұндай спорт кешені аталған ауылға көптен қажет болып жүрген. Енді бұл бассейнде Жамбыл ауылының жеткіншек жастары жүзу спортына машықтанатын болады. Ауылдың округ әкімі Ербол Байболсынов та мұндай игілікті істің жүзеге асқанына дән риза.

Бұл кешеннің ашылуында ауданның ардақты ақсақалдары батасын берді. Жалпы, аудан ақсақалдары жастардың спортпен шұғылдануына да өз үлесін қосып жүр.

Мұндай игілікті істер Меркі жерінде алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Әшен ҚЫРҒАБАҚҰЛЫ,

еңбек ардагері.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support