- Advertisement -

Балаларға жасалған тамаша тарту

22

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы ұлт денсаулығы туралы бастамалары оның ішінде бұқаралық спортты дамыту жұртшылық тарапынан қызу қолдау табуда.

Осы орайда «Жамбыл облысы бойынша балалар футболын дамыту» қоғамдық Қоры өңірде шағын футбол алаңдарын ашып балалардың қараусыз қалуын болдырмай, саламатты өмір салтын қалыптастыруына жағдай жасауда.

Қазақстан Республикасы Спорт және мәдениет министрлігі жанындағы «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қорын» демеушілігімен Қаратау шағынауданы №39-31 көпқабатты тұрғын үйлер ауласында қала күні қарсаңында пайдалануға берілген футбол алаңы тараздық балаларға жасалған тамаша тарту болды.

Футбол алаңшасының ашылуына Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков қатысып, осы жасыл алаңнан әлемге танымал шебер футболшылар шығуына тілектестік білдірді. Мұнан соң аталған аумақтың балалары екі топқа бөлініп футбол ойынның көркін қыздырды.

– Балаларға жасалып жатқан мұндай қамқорлықтың жемісі болуы тиіс. Осында жүздеген балалар дайындықтарын шыңдап, футболдың қыры мен сырын меңгеретін болады. Осы қамқорлықтары үшін Тараз қаласы әкімдігіне, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қорына» алғысымызды білдіремін. Футболға қамқорлық көбейіп жатқанына қуаныштымын, – дейді тараздық футбол жанашыры Әбиірбек Қонысбаев.

 

Есет ДОСАЛЫ.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support