- Advertisement -

Жобалар аясында бағыт-бағдар берілді

25

- Advertisement -

Аса ауылында жалғызбасты аналардың, әлеуметтік осал топ өкілдері мен мүмкіндігі шектеулі жандардың қатысуымен кездесу өтті. Жиында «Азаматтық технологиялар» тақырыбында жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға қолайлы жағдай жасау жайы талқыланды.

Сонымен қатар, арнайы әзірленген жоба аясында мемлекеттік қызметтерді дұрыс алуды, сұраныстар мен өтініштерді толтыруды, күнделікті өмірде туындайтын мәселелер төңірегінде қатысушыларға әр сала мамандары түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, түрлі сауалдар бойынша кеңес берілді. Басқосуға «Феникс» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Балжан Абдуллаева, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы Жамбыл аудандық филиал директоры Нұрбол Қуанышбеков, Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің психолог маманы Ғалия Әбдісаттар және психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің маманы Ақмарал Әбдреймова қатысты.

 

Балжан РАХЫМБЕРЛІҚЫЗЫ,

«Феникс» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.

 

Жамбыл ауданы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support