- Advertisement -

Әлеуметтік жауапкершілік тәжірибеде: Қазақмысқа қарасты Шу ауданында тұрмыс қалай жақсаруда

68

- Advertisement -

«Қазақмыстың» бірнеше өндірістік нысандары Жамбыл облысының Шу ауданында орналасқан. Кәсіпорын қызметкерлері жұмыс істейтін аймақ тұрғындарына қамқорлық көрсетіп, олардың өмір сүруіне жайлы жағдай жасау корпорация үшін маңызды іс. Еліміздегі басты мыс өндіруші кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігін Балқаш, Сәтбаев, Жезқазған және басқа да моноқалалар мен ауылдардың тұрғындары ұзақ жылдар бойы сезініп келеді.

Бүгінде компания Шу ауданында білім саласына, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға, ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалтуға көмек көрсетуге, инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударды.

Осылайша, кәсіпорын жуырда облыстық оңалту орталығында жүйке ауруына шалдыққан 21 баланың емделуіне кеткен шығынды өз мойнына алып, сегіз ауыл тұрғынын Балқаш политехникалық колледжінде оқыту шығындарын өтеді. Бұл тұрғындарға болашақта жалақысы жоғары жұмысқа орналасуға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, корпорация ауданның инфрақұрылымдық мәселелерін де қолға алып, Шоқпар және Алайғыр ауылдары арасындағы жолды жөндеп, Көкқайнар ауылына арық траншеясын төседі. Одан бөлек, Бірлік, Қонаев, Бірлікүстем және Шоқпар ауылдарында балалар ойын және спорт алаңдарын орнату бойынша монтаждау жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support