- Advertisement -

Аналарға құрмет көрсетілді

79

- Advertisement -

Демографияны көтеру – басты алғышарт. Бүгінде халық санын арттырып, демографиялық ахуалды жақсарту үшін ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде көне шаһар тұрғындарының саны 420 мыңнан асты. Ана мен баланы қорғау мақсатында да көптеген ілкімді істер қолға алынып, жарқын жобалар жемісін беруде.

Тараз қаласы бойынша 2010-2022 жылдар аралығында жалпы 2634 көпбалалы ана «Алтын алқа» және 2316 ана «Күміс алқамен» марапатталды. Былтырдың өзінде 42 көпбалалы анаға «Алтын алқа», 166 анаға «Күміс алқа» табысталды.

Жақында қала әкімдігінің мәжіліс залында көпбалалы аналарды марапаттау рәсімі өтті. Ол рәсімді қала әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил ашып, көпбалалы аналарды құттықтады. Сөйтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 17 шілдедегі №284 Жарлығы бойынша, 3 көпбалалы анаға «Алтын алқа», 24 анаға «Күміс алқа» табысталды.

«Aq jol»-Aqparat.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support