- Advertisement -

Жолдауды жүзеге асыру – ортақ міндет

95

- Advertisement -

Биылғы Жолдаудың экономикалық саясатқа бағытталатынын Президент жақында Павлодар облысына жасаған сапары кезінде меңзеген еді. Осыған орай «Amanat» партиясының облыстық филиалы жанындағы «Talqylau» диалог алаңында Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын талқылау өтті. Жиын барысында маңызды мәнге ие құжат мемлекеттің одан әрі даму саясатына негізделгендігін, онда ұзақ мерзімді экономикалық өсім һәм кез келген саланы дамыту мәселесі айқындалып, елдің ішкі-сыртқы саясатына баса мән берілгендігі айтылды. Әр сала бойынша спикерлер өз пікірін білдіріп, Жолдау бойынша жүзеге асып жатқан жұмыстардың нәтижесімен бөлісті, басым бағыттарын облыста жүзеге асырылу жолдары талқыға салынды.

«Amanat» партиясының облыстық филиалының төрағасы Дауыл Ынтықбайұлы сөз кезегінде елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың түпкі мақсаты – ел экономикасын ілгерілету екенін жеткізді. Диалог алаңында профессор, білім саласының ардагері Махметғали Сарыбеков Жолдауда сапалы білім беру бойынша берілген тапсырмалардың мәнін ашып жеткізді. Ал, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалының директоры Еркін Атымтаев кәсіпкерлік дамымай ел экономикасы дамымайтынын ерекше атап өтіп, аймақта Президент тапсырмасы бойынша жүзеге асырылатын бастамаларды таныстырды.

Жиынға қатысқан бірқатар басқарма басшыларына сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Атап айтқанда, су мәселесінен зардап шеккен шаруалардың шығынын өтеу жолдары, маман даярлауда жергілікті әкімдік тарапынан берілетін грант мәселесі, жеке кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары басқосудың өзекті мәселесі болды.

 

Ғаникен МАРАЛТАЙҚЫЗЫ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support