- Advertisement -

Ұлт саулығы артады

92

- Advertisement -

Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар қамтылды.

Халқымыз үшін жасалып жатқан әрбір игі іс, әрбір жаңа бастама тәуелсіз еліміздің жаңаша бағытта дамып жатқанының айқын көрінісі. Біз, медицина қызметкерлері, Президентіміздің бізге артып отырған сенімін ақтап, асқан жауапкершілікпен бірлесе отырып, Жолдау аясында атқарылатын жұмыстарды қарқынды түрде дамытуға, ұлт саулығын арттыруға бар күш- жігерімізді саламыз. Барлық медицина қызметкерлерінің бүгінде орташа айлық жалақылары көтеріліп, біршама өсті. Тіпті, орта және техникалық персонал табысы да көтерілген.

Мәселен, Жамбыл облысындағы 11896 медицина қызметкерлерінің, оның ішінде 3248 дәрігердің жалақысы орта есеппен 30 пайызға, 8648 орта медицина персоналының жалақысы орташа есеппен 20 пайызға ұлғайса, дәрігердің айлығы орта есеппен 453 мың 427 теңгеден 589 мың 455 теңгеге өсіп, орта медициналық буын персоналының айлығы 204000-нан 244 мың 800 теңгеге жоғарылаған.

Сонымен қатар, көп жылдан бері көтерілмеген тазалықшы, жүргізуші және өзге де персоналдардың еңбекақысы орта есеппен 18 пайызға өскен. Атап айтқанда, 3430 тазалықшының еңбекақысы орта есеппен 124 мың 854 теңгеден 147327 теңгеге дейін көтерілді. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың медицинаға көрсетіп отырған қолдауы. Басқа да қаншама нысандар ашылып, медициналық жоғары технологиялық құрылғылар алынып, ел игілігіне берілуде.

Халық бүгінде тексерілуден өту үшін алысқа бара бермей, өзімізде емделгенді дұрыс көреді. Тегін медициналық қызмет көрсетудің жоғары үлгісіне ел үйреніп келеді. Мұның барлығы – Мемлекет басшысының көреген саясаты мен жасампаз істерінің жемісі деп білемін. Біз, медицина қызметкерлері, қашан да еліміздің жарқын болашаққа қадам басуы жолында қолдан келгенше қолдау көрсетіп, Президенттің әрбір Жолдауын нақты бағдар деп қабылдаймыз.

 

Гүлмайра МОМБЕКОВА,

«SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ облыстық филиалының төрайымы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support