- Advertisement -

Жүректің емі – қайырымдылық

108

- Advertisement -

Жұмысы жолға қойылған кәсіпкер кісі жүрек ауруына тап болып, денсаулығы алаңдатарлық жағдайға жетіпті. «Аяқта аяқ киім тар болса егер, не пайда дүниенің кеңдігінен» деп айтылғандай, кәсіпкердің бар арманы – дертінен жазылып кету болыпты.

Кәсіпкер ақырында Германия елінде жүрегіне ота жасатуды ұйғарыпты. Содан ағайын, туыс, достарымен қоштаспақ болады да, мал соятын цехы бар досына барады. Сонда әлгі цехтың алдында қалдық сүйектерді жинап жүрген әйелді көзі шалады. Бірден барып әлгі кісіден:

«Сіз бұл қалдық сүйектерді неге жинап жүрсіз?» – деп сұрайды. Сонда әлгі адам: «Жалғызілікті анамын. Балаларым ет жемегелі бірнеше жыл өтті. Ет жемесе де, сүйек дәмін сезсін деп, сүйектерді соларға қайнатып беремін», – депті.

Сонда әлгі жүрегі ауру адам толқып кетіп, қожайынға кіріп шығады. Сөйтеді де әлгі мұқтаж анаға: «Сіз енді осы цехтан күн сайын 2 килограмм ет алып тұра аласыз. Бір жыл бойғы шығыныңызды мен төлеп қойдым», – дейді. Ана сол кезде қайырымды кәсіпкерге алғысын қарша айтады.

Жүрегі ауырған кісі үйіне келіп болған жағдайды қызына айтады. Қызы да иманды екен, «Менің әкем – қайырымды адам. Жаратушым, әкемнің дертіне шипа бере гөр» деп дұға жасапты.

Қайырымды кәсіпкер жолға шығып, Германияға барады. Сонда ондағы атақты дәрігерлер ота жасау алдында тексеруден өткізіп, таңданады. Кәсіпкердің жүрегі дерттен құлан-таза айыққан екен. Дәрігер: «Сіз қайда ем жасаттыңыз? Жүрегіңізде еш ақау жоқ. Ешқандай дақ қалмаған. Ота жасау керек емес» дейді.

Сонда қайырымды адам бұл жақсылықтың Жаратушының ерекше сыйы екенін, етке мұқтаж ана мен өз қызының қабыл болған дұғасынан екенін түсінеді.

Қайырымдылық жасаған адамның көрер жақсылығы өте көп. Соны да ойлана жүрген жөн.

 

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support