- Advertisement -

Балалар демалысы қауіпсіз болсын десеңіз…

48

- Advertisement -

Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Жуалы ауданының тау шатқалында орналасқан «Берікқара Дзержинец» және «Тау самалы» балалар жазғы сауықтыру лагерьлерінің қызметкерлері және тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді.

Мамандар жазғы каникул кезінде балалардың қауіпсіз демалысын және олардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға бағытталған өзекті тақырыпты, сондай-ақ балаларды жүзуге үйрету, су айдындарында өзін-өзі ұстау қағидалары және суға батып бара жатқан адамға көмек көрсету мәселелерін қозғады.

Лагерь қызметкерлеріне тәрбиеленушілермен табиғатта және тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жайында әңгіме өткізу ұсынылды. Мысалы, балаларға сіріңкелер ойыншық емес екенін ескертіп, отты сөндірудің бастапқы құралдарын іс жүзінде қолдануды көрсетті. Алған білімдерін бекіту үшін балаларға көрнекі жадынамалар таратылды. Әңгіме барысында балалармен өрт қауіпсіздігі ережелерін білуге арналған өрт және судағы қауіпсіздік тақырыптарында викторина ұйымдастырылды.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support