- Advertisement -

Игі іске үлес қосты

27

- Advertisement -

«Amanat» партиясының облыстық филиалы мен өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметкерлері 14 маусым – Дүниежүзілік донор күні қарсаңында науқастар үшін қан тапсырып, аймақтағы барлық мемлекеттік қызметшілерді осы акцияға қатысуға шақырды. Игі істен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті де тыс қалған жоқ.

Шара барысында облыстық Қан орталығының дәрігерлері 100-ге жуық мемқызметшілерді мұқият тексеруден өткізіп, қан қысымын өлшеді, қан тобын анықтады. Ал, олардың бірқатары жілік майы доноры ретінде облыстық орталықтың арнайы тізіміне тіркелді. Өйткені, ауыр қан дерті – лейкозға шалдыққандарды емдеу барысында жілік майы ауыстырылады.

Іс-шарада жетекші партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов тұрақты донорларға деген сұраныс жоғары екенін жеткізіп, орталыққа өз еріктерімен келіп, қан тапсырушы әріптестеріне алғысын білдірді. «Бұл бастаманың негізгі мақсаты – облыстағы барлық мемлекеттік қызметшілерді ерікті қан доноры болуға шақыру. Сол арқылы халық арасында донорлықты насихаттау. Жалпы, қан тапсыру әрбір адамның қолынан келетін іс. Қиналған жандардың өміріне үміт сыйлайтын игілікті бастамаға әріптестеріміз барынша қолдау білдіреді деп сенемін», – деді Дауыл Ынтықбайұлы.

Атап өтерлігі, «Amanat» партиясының осынау шараны Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп өткізуі бекер емес. Себебі, осы жылдың 29 мамырында Ассамблея мен саяси партия меморандумға қол қойған болатын. Ал, ондағы мақсат – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл кешендерін айқындау.

 

Есен ӨТЕУЛІ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support