- Advertisement -

Қаржы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

160

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Әкек Батырхан Базарбайұлы Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Батырхан Базарбайұлы 1976 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында туған.

1998 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін «өндірісті ұйымдастыру» (менеджер) мамандығы бойынша бітірген.

Ол еңбек жолын 1998 жылы Меркі аудандық қаржы бөлімінің жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасының бас маманы, бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

2011 жылғы қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің қаржы басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support