- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

42

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі — баспасөз хатшысы болып Ахметов Жанғазы Сембайұлы тағайындалды.

Ахметов Жанғазы Сембайұлы 1991 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Шақпақата ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетін “Журналистика” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2011 жылы Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінде тілші болып бастаған.

Әр жылдары Жуалы аудандық «Жаңа өмір» газетінде аға тілші, Жамбыл облыстық «Ақ жол» газетінде тілші қызметін атқарған.

Бүгінге дейін Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметіндегі бас инспекторы лауазымында еңбек етіп келді.

Облыстық, республикалық мүшайралардың жүлдегері. «Мен сондаймын» атты жеке жыр жинағының авторы.

Отбасылық жағдайы: үйленген, екі баланың әкесі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support