- Advertisement -

Аппарат басшысының орынбасары тағайындалды

181

- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Қасымов Рүстем Қалмұхамбетұлы Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Қасымов Рүстем Қалмұхамбетұлы 1980 жылы Жамбыл облысы Меркі ауданында туған.

2001 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «мемлекеттік муниципалдық басқару», 2009 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Жамбыл политехникалық колледжінде оқытушы болып бастаған.

2003-2006 жылдары Тараз политехникалық колледжінің күндізгі оқу бөлімінің меңгерушісі, 2006- 2008 жылдары Тараз политехникалық колледжінің атқарушы директоры, 2008-2009 жылдары Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, 2009-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, 2011-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, 2012-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2015-2016 жылдары Меркі ауданы әкімінің орынбасары, 2018- 2020 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық жасөспірімдер үйі» КММ директоры, 2020-2022 жылдары «Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «AMANAT» партиясы Жамбыл аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметтерін атқарған.

2022 жылғы қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support