- Advertisement -

Саламаттылық сабағының ықпалы зор

63

- Advertisement -

Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы қазіргі жастардың қолында. Сондықтан, ел тірегі болар жастардың толыққанды рухани адамгершілік және ұлттық мәдени дамуын қамтамасыз ету, саламатты өмір салтын ұстануға баулу, бәсекеге қабілеттілігін дамыту, психикалық саулығын нығайту маңызды міндеттердің бірі.

Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың өсуіне жол бермеу. Осы мақсатта аудандық ауруханада «Жастар» денсаулық орталығы жүйелі жұмыс істеп келеді. Жасөспірімдер арасында заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында денсаулық сақтау мекемелерінің Жастар ресурстық орталығымен бірлесе жұмыс істеуі өз нәтижесін беруде.

Бүгінде зиянды әрі заңсыз әрекеттермен күресу және олардың алдын алу, анықтау мақсатында жасөспірімдермен аудандық аурухана дәрігерлері, атап айтқанда нарколог, гинеколог, психолог мамандары, саламатты өмір салтын қалыптастыру бөлімінің қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығының психологі меморандум жоспарына сәйкес тығыз байланыста жұмыс жүргізіп отыр. Аудан мектептерінде және Құлан ауыл шаруашылығы колледжінде кәмелетке толмағандар мен олардың отбасының арасында нашақорлықтың, ерте жүктіліктің алдын алу негізінде әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Жастардың жағдайын анықтау мақсатында сауалнамалар жүргізіп, семинар-тренингтер өткізу дәстүрге айналған. Бұл жұмыстар жылдық жоспарға сай бекітілген. Атап айтқанда, қаңтар айында «Нашақорлық пен уытқұмарлықтың адам ағзасына зияны», «Қыз бала – ертеңгі ана» тақырыптарында Ш.Уәлиханов, М.Горький, Ә.Бөкейханов атындағы орта және Ю.Гагарин негізгі мектептерінде 6 семинар өткізіліп, оған 105 оқушы қатысты.

Ақпан айында Құлан агротехникалық колледжі, Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебінде «Ерте жүктіліктің алдын алу» атты 2 дәріс-тренингі өткізіліп, барлығы 124 оқушы қамтылды. Наурыз айында Ақбұлақ шағын орта мектебі, Ю.Гагарин негізгі мектебінде «Қызды қырық үйден тыю» тақырыбында 2 семинар, «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында 2 семинар-тренинг ұйымдастырылып, оқушылар қатыстырылды. Ал, өткен айда аудандық емханада «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама!» тақырыбында дәрігерлік кеңестер беріліп, онда оқушылар көптеген мағлұматтарға қанықты.

Жыл соңына дейін жоспарға сәйкес саламатты өмір салтын қалыптастыруда жастар арасындағы жұмыстар әлі өз жалғасын табады. Ондағы басты мақсатымыз – кәмелетке толмаған жасөспірімдерді патриоттыққа тәрбиелеп, бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, саламаттылықты қалыптастыра отырып, айналасында болып жатқан өзгерістерге ойлы көзбен қарауға, пайымдауға, өмірге бейімделуге мүмкіндік туғызу.

 

Аяна ТҰРБЕКОВА,

аудандық орталық аурухананың «Жас ұрпақ» жастар денсаулық орталығының психологі.

Т.Рысқұлов ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support