- Advertisement -

Ғасыр жасаған ана

81

- Advertisement -

Қостөбе ауылының тұрғыны Язигуль Шаушоглы биыл 102 жасқа толып отыр. Ол қазақ халқының қонақжайлылығы мен мейірімділігіне дән риза.

– Мен 1921 жылдың 1 шілдесінде Грузия мемлекетінің Батуми қаласында өмірге келдім. Ұлтым – түрік. Жастайымнан еңбекке араласып, кеңшардың жеміс-жидегі мен шай жапырағын жинауға үлес қостым. Кейінірек жұбайымның қызметіне байланысты Ташкент қаласына қоныс аудардық. Мұнда да қарап отырмай, шаруашылық жұмысына араласып, мақта жинадым, – дейді ол.

Язигуль апа 2005 жылы отбасымен Қазақстанға көшіп келіп, Қазақст ан Ре спубликасының азаматтығын алады. Қостөбеліктер Язигуль апаны жылы шыраймен қарсы алып, барымен бөліседі.

Бүгінгі таңда ол ауылдастарымен тату-тәтті тұрып, олардың қуаныштарына үнемі ортақтасып жүреді. Балалары, немерелері де көршілерімен жақсы қарым- қатынаста, қазақ тілін де жақсы меңгеріп алған.

Язигуль Дурсунқызы 5 ұл, 2 қызынан 45 немере, 18 шөбере сүйіп отыр. Ұлдары мен қыздары әр салада абыройлы еңбек етуде. Олар өздерін алғаш келгенде құшақ жая қарсы алған қазақ халқына әрқашан ризашылықтарын білдіріп отырады. Жыл сайын Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін асыға күтіп, оны көршілерімен бірге атап өтеді.

 

Сүндетулла ӘБІЛОВ.

Байзақ ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support