- Advertisement -

Діни сауаттылықты арттыру маңызды

186

- Advertisement -

Өңір тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында облыс әкімдігінің дін істері басқармасы дін саласында жұмыс атқаратын мамандарға арналған екі күндік облыстық оқыту семинарын ұйымдастырды. Оған барлық аудандардың дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыруға және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға мүдделі жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, арнайы және жалпы білім беру ұйымдарының педагог-мұғалімдері, діни бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Оқыту семинарды «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті, «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының танымал дінтанушылары мен оқытушылары, психологтар мен блогерлері жүргізіп, актуалды тақырыптарда дәрістер оқыды. Тақырыптардың бірі – деструктивті діни ағымдардың арбау жолдары мен қауіп-қатері туралы болса, келесісі – тұрғындардың, әсіресе жастардың жат ағымның жетегінде кетпеуі тәсілдері болды.

Сонымен бірге, қазіргі заманға сай интернет жүйесінде заманауи тәсілдермен жұмыс істейтін SММ маманы да өзінің әдістерімен бөлісті. Дәрістер тыңдалғаннан кейін қатысушылар сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Нәтижесінде семинарға қатысушылар облысымыздың жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдары бірлескен қимылдар арқылы, дәстүрімізге жат, санамызды улайтын діни ағымдардың алдын алуы керектігі, тұрғындардың діни экстремизмге кері көзқарасын қалыптастыру мақсатында елді мекендерде діни ахуалды тұрақты түрде зерделей отырып, ақпараттық-насихаттық топтардың жұмысын жандандыруды бірауыздан мақұлдады.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support