- Advertisement -

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

20

- Advertisement -

Жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану,адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық,жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану,адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

 Санаты Еңбек өтіліне байланысты қызметтік еңбекақысы
теңгеден теңгеге дейін  
D-O-3 (Б блогы) 263131 302255
D-O-4 (А блогы) 263131 302255

 

«Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

(индекс 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125, 210 бөлме, анықтама үшін телефондар: 87262433630, 87057541299 e-mail: ai.kucherbaeva@gmail.com – (Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады). Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және

т.б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысының 128-тармағына сәйкес)

бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

  1. Жамбыл облысы білім басқармасының есеп және мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы D-О-3 санаты, (№07-01), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: В блогы. Бухгалтерлік есептің, қаржыландырудың, бағдарламалардың орындалуын үйлестіреді, білім басқармасы аппаратының бухгалтерлік есебін жүргізеді. Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттердің орындалуын, шығыс сметасына сәйкес бюджеттік қаражаттың игерілу үрдісін бақылайды. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Мемлекеттік сатып алу үрдісін үйлестіреді және мониторинг жүргізеді. Тауарларды, жұмысты, қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс дайындайды және өткізеді. Мемлекеттік сатып алу туралы азаматтық-құқықтық шарттардың жасалуын қамтамасыз етеді, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын бақылайды. Мемлекеттік сатып алу бойынша есептерді қалыптастырады. Басқарманың мемлекеттік сатып алу бойынша номенклатурасы мен жылдық жоспарын құрайды. Білім ұйымдарының алашақ және берешек қарыздары бойынша есепті қалыптастырады. Білім ұйымдарының инвентаризациясын қабылдайды. Бюджеттік қаражаттың игерілуіне талдау жасайды, облыстағы білім ұйымдарының қарыздары бойынша есеп береді. Басқарманың алқа жиналысына жетекшілік ететін сұрақтар бойынша талдау материалдарын, анықтамалар, статистикалық есеп берулер, ақпараттар әзірлейді. Алқа шешімдерінің және басқарма бұйрықтарының, жоғары органдар құжаттарының орындалуына, құжаттар мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына жауапты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтайды. Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-шағымдарға, өтініштерге«Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне» сәйкес жұмыстар жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер бойынша «Е-өтініш» бірыңғай платформасымен жұмыс жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі – бизнес, басқару және құқық саласында, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі. Мамандығы: экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе құқықтану.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңдарын, Бюджет Кодексін және нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

  1. Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жылу энергетикасы бөлімінің бас маманы (уақытша, бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне 30.05.2025 жылға дейін), D-О-4 санаты, (№4-3), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: А блогы. Басқарма басшысының және орынбасарларының тапсырмаларын орындау, облыс аумағында орналасқан жылу энергетикасы кәсіпорындарының кешенді дамуы бірыңғай стратегиясын жүзеге асырады. Облыс аймағында орналасқан жылу энергиясын өндіретін, тасымалдайтын және тарататын кәсіпорындар жұмысын зерделеу. Бөлімге келіп түскен экономикалық талдама есеп берулерді қаржы-шаруашылық бөліміне өткізеді. Жылу энергиясын өндірумен, қамтумен және тасымалдаумен айналысатын облыс аумағында орналасқан кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту және жетілдіру қызметін саралауды және жұмысын бақылауды жүзеге асырады. Қажет болған жағдайда басқарма басшысына жылу-энергетика кешенінің жұмысына нұқсан келтіріп, экономикасын төмендетіп тұрған себептерді жою туралы ұсыныстар жасайды, жылумен қамту нысандарынан күзгі-қысқы жылыту маусымына дайындық бойынша мәлімет жинайды. Облыс аумағында орналасқан кәсіпорындарды, мекемелерді отынмен қамтамасыз ету бойынша ақпарат жинақтап, тиісті орындарға тапсырылады. Табиғи монополиялар субъектілерімен инвестициялық бағдарламаларды үйлестіреді, ҚЭН-ні (қаржылық-экономикалық негіздеме) бекітеді, республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік өтінімдерді қалыптастырады, бағынысты кәсіпорындардың бюджеттік қаражаттарын бақылайды және мониторингілейді. Жылумен қамту нысандарының материалдық-техникалық базасын күшейту және жаңғырту сұрақтарының орындалуын ұйымдастырады. Жылу-энергетика кәсіпорындарын экономикалық дамыту сұрақтары бойынша басқарманың жоспарлары мен бағдарламаларын жасауға қатысады. Бөлімнің құзырына кіретін басқа да сұрақтар бойынша анықтамалар, мәліметтер дайындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі -инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы немесе бизнес, басқару және құқық саласындағы. Мамандығы: гидроэнергетикалық қондырғылар немесе электр энергиясын өндіруді және таратуды автоматтандыру немесе автоматтандыру және басқару немесе жылу энергетикасы немесе техникалық физика немесе техникалық машиналар және жабдықтар немесе өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс немесе гидроэлектроэнергетика немесе өнеркәсіптік жылу энергетикасы немесе жылу энергетикалық процестерді автоматтандыру немесе гидротехникалық құрылыс немесе электр энергетикалық жүйелерді автоматты басқару немесе коммуналдық құрылыс және шаруашылық немесе энергетика және электр энергетикалық инжинирингті қайта өңдеу технологиясы немесе құрылыс немесе экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе энергетикада басқаруды ұйымдастыру.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы», «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарын және осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін заңнамалық және өзге нормативтік-құқықтық актілерді білу.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметшілер келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық пошта мекенжайына тапсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық пошта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннің келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде мына мекенжай бойынша

тапсырылуы тиіс: 080008, Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 үй, 210-іс бөлме, анықтама телефондары: 87262433630, 87057541299, e-mail: ai.kucherbaeva@gmail.com.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде Тараз қаласы, Абай даңғылы, №125 мекенжайда орналасқан Жамбыл облысы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Жалпы конкурс қорытындысы бойынша конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидат (мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда) конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап күнтізбелік он жұмыс күні ішінде персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) мынадай құжаттарды тапсырады:

1) еңбек қызметін растайтын құжат (нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі);

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген 075/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама);

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі не «Электрондық Үкімет» порталы алынған анықтама).

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік

лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының

2-қосымшасы

(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналастыруға келісім беремін ________________________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________

Мекенжайы: __________________________________________________________________

Байланыс телефондары: _______________________________________________________

e-mail: ______________________________________________________________________

ЖСН: ______________________________________________________________________

_________ ___________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

20 __ ж. «___»_______________

 «Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына орналасуға

конкурс өткізу қағидаларының

3-қосымшасы

Нысан _______________________

 «Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 

 тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /

фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО

(түрлі түсті/ цветное,

3х4)

 

 ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері / Дата и место рождения
2. Ұлты (қалауы бойынша) /Национальность (по желанию)
3. Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /

Семейное положение, наличие детей

4. Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы /

Год окончания и наименование учебного заведения

5. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
6. Шетел тілдерін білуі /

Владение иностранными языками

7. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /

Государственные награды, почетные звания (при наличии)

8. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /

Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

9. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /

Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)

10. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ  ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні / Дата қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/

должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған / приема босатылған/увольнения
_____________________

Кандидаттың қолы / Подпись кандидата

_______________

күні / дата

 

 

Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support