- Advertisement -

Мал ауруларының алдын алу маңызды

32

- Advertisement -

Адамдар мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы аурудың бір түрі – бруцеллез. Көптеген жануарларда бұл түсік тастау және шуының түспей қалуы, орхит, өмір сүруге қабілетсіз төлдердің туылуынан байқалады. Ал, адамдарға бруцеллез көбінесе қой, ешкі және мүйізді ірі қарадан ауру жануарларды күтуде, мал ұшасын сойғанда және өңдегенде жұғады. Зақымдалған тері, ауыздың, мұрын мен көздің шырышты қабықтары арқылы өтеді. Адамның ауруы мүгедектікке, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

Бруцеллез ауруын жануарлардың қан сынамасын серологиялық зерттеу арқылы ғана анықтауға болады. Саламатты пункте, эпизоотологиялық бірлікте қосымша зертханалық зерттеулерді ветеринариялық іс-шаралар бруцеллезге қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізеді.

Тексерілген сынамалардың нәтижесі күмәнді әсер берген жануарлардан 15-20 күннен кейін қайта қан алынып, тексеріледі. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен берілген нұсқама бойынша диагноз толық нақтыланғанға дейін барлық күмәнді әсер берген жануарларды қалған мал басынан оқшаулау жүргізіледі.

Диагностикалық зерттеулердің оң нәтижелері алынған кезде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторы бірінші, үш жұмыс күні ішінде бруцеллезге оң әсер беретін жануарлар иелерін диагностикалық зерттеулер нәтижелерімен таныстырады. Екінші, сараптама актісі негізінде жануарлар иелеріне барлық оң әсер беретін жануарларды қалған жануарлардан оқшаулау жөніндегі шарттарды сипаттай отырып, оқшаулау туралы нұсқама береді. Үшінші, жануарлар иелеріне жануарларға санитариялық тазалау, санитариялық сою жүргізу туралы нұсқама береді. Төртінші, 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзім ішінде ауру жануарларды санитариялық сою үшін жануарларды союды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне (ет комбинаты, сою пункті) жібереді.

Оқшауланған ауру жануарларға жергілікті ветеринариялық дәрігер ыстық немесе суық таңбалау әдістерімен жақ немесе сауыр тұсына «Б» әрпін жазып, таңба басады.

Бруцеллезге оң нәтиже берген қой мен ешкіні санитариялық союдан алынған ет пісірілген шұжықтарға немесе консервілерге қайта өңделеді.

Ауру жануарларды санитариялық сою тиiсті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының мiндетті қатысуымен жүргiзiліп, патологиялық өзгерістер анықталған ірі қара және міндетті түрде ұсақ малдардың ұшалары шикізатты өңдеуге тапсырылғаны туралы акт толтырылады.

Тапсырылған өңдеу және қайта өндіру кәсіпорнынан өтемақы ретінде ұшаның семіздігіне қарай орташа айлық нарықтық құнының 70 пайызына дейін қолма-қол төленеді. Ал, қалған 30 пайызы жергілікті бюджеттен мемлекеттік статистика ұсынған тірідей мал басының бағасы арнайы комиссиямен бекітіліп, мал иесінің шотына түседі.

 

Құралай ҮЙСІМБАЕВА,

облыс әкімдігі ветеринария басқармасы эпизоотияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support