- Advertisement -

Төрт түлікке уақтылы екпе салу маңызды

86

- Advertisement -

Биыл жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы бағытталған ветеринариялық- профилактикалық шаралар өз деңгейінде орындалды. Ал, аса қауіпті ауруларға қарсы егу жұмыстарына 3,1 миллион манипуляция жүргізілген. Жыл басынан бруцеллездің алдын алу мақсатында қан сынамасын алу бойынша 570 мың манипуляция орындалса, нәтижесінде 169 мал басы санитариялық талаптармен сойылған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының басшысы Нұржас Құрмантаев айтты.

– Есепті кезеңде өңір бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында барлығы 3,9 миллион бас ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелген. Жоспарға сәйкес, биыл облыс аумағында эпидемиялық аймаққа енгізілген 33 елді мекенде 2,9 миллион шаршы метр аулалар мен қора жайларға және барлығы 506 мың бас ауыл шаруашылығы жануарларына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Дезинфекциялық дәрі-дәрмектер сатып алуға берілген өтінімге сәйкес, облыстық бюджеттен тікелей аудандарға барлығы 83 миллион 842 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда аудан әкімдіктері тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде, – деді Нұржас Нұржанұлы.

Сондай-ақ, спикер «019-Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі қызметтер бағдарламасы» негізінде 2022- 2023 жылдары «Ауыл аманаты» жобасына енгізілген елді мекендерде жеке қосалқы шаруашылықтар иелігіндегі мүйізді ірі қараның аналық бастарын қолдан ұрықтандыру жоспарланып отырғанын жеткізді. Айтуынша, бүгінде бұл іске ветеринар мамандары бекітіліп, қарапайым халықтың мүйізді ірі қараны асылдандыруына жол ашылуда.

 

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support