- Advertisement -

Қаржы жинақтауда қаншалықты ұқыптысыз

146

- Advertisement -

Бүгінде ел халқының қаржылық сауаттылығы артып келеді. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметіне сүйенер болсақ, соңғы үш жылда қаржылық сауаттылық деңгейі 39 пайыздан 40,2 пайызға жоғарылағанын көреміз. Атап айтсақ, адамдар шот бойынша төлем жасауға, қаржылық жоспарлауға және бюджетті жүргізуге, ай сайынғы міндетті шығындарды төлегеннен кейін қор жинауға жауапкершілікпен қарай бастаған. Мұны қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтану бойынша жүргізген зерттеу нәтижелерінен көруге болады.

Агенттік сыртқы коммуникациялар басқармасының ақпаратын басшылыққа алып, олардың жүргізген сауалнама нәтижесіне тоқталсақ. Агенттік қаржылық сауаттылық деңгейін 2020 жылдан бастап үш негізгі бағыт бойынша саралайды. Олар «Меншікті қаржылай қаражатты басқару», «Қаржылық көрсетілетін қызметтерді пайдалана білу» және «Қаржы жүйесі туралы хабардар болу». Өткен жылы зерттеуге екі құрауыш қосылған – қаржылық алаяқтық және мүгедектігі бар адамдардың қаржылық сауаттылығы. Сондай-ақ, өткен жылы сауалнамаға еліміздің барлық өңірлерінен және республикалық маңызы бар үш қаладан қатысқан респонденттердің жалпы саны 2550 адамды құрады.

Сауалнамаға қатысқандардың ішінде ең үлкен үлес бюджет саласының қызметкерлеріне (16%), студенттерге (12,8%), жеке саланың жалдамалы қызметкерлеріне (9,5%), отбасылық бизнесі бар адамдарға (8,9%), мемлекеттік қызметшілерге (8,1%) және тағы басқаларына тиесілі болды. Респонденттердің 44,5 пайызы жоғары, 31,7 пайызы арнайы орта, 16,9 пайызы орта білімді.

Меншікті қаржылай қаражатты басқару

Жеке қаржыны басқару жалпы алғанда кірістер мен шығыстардың барлық бабын серпінді түрде есепке алуды білдіреді. Сауалнамаға сәйкес, респонденттердің 47,9 пайызы отбасылық бюджетті жеке өзі жүргізеді. Отбасының қаржысын бірлесіп басқару көбінесе 18-29 жастағы азаматтарға тән. Бұл ретте ер адамдарға қарағанда әйелдерге көбірек жауапкершілік жүктеледі, оның 42,5 пайызы жеке бюджетіне ішінара билік етеді.

30 жастан асқан еңбекке қабілетті жастағы респонденттер қаржылық менеджмент дағдыларын жақсы біледі, олар барлық шотты уақытында төлейді (48,6%), сатып алу қабілеттерін зерделейді (46,2%) және кірістер мен шығындарды мұқият бақылайды (43,8%). Алайда, жас және аға буындағы респонденттер өздерінің шығыстары кірістерден асып кететінімен келіседі, сонымен қатар олар «бір күнмен» өмір сүреді. Бұл, ең алдымен, жалақының жоқтығына немесе төмендігіне, жұмыс тәжірибесінің жоқтығына немесе жас кезінен бастап оқу процесімен айналысуға және зейнетақы төлемдерінің жетіспеушілігіне байланысты болуы мүмкін.

Төлем қабілетін, атап айтқанда, кірістер мен шығыстар балансын бағалау сауалнамаға қатысқандардың 68,6 пайызы кірістер шығыстарды өтемейтін жағдайға тап болғанын көрсетті. Жинақтау дағдыларына қатысты оптимистік көрініс байқалады: респонденттердің 67,9 пайызының ақша жинау мүмкіндігі болса, үштен бірі барлық ай сайынғы міндетті шығындарды төлегеннен кейін жинақтай алады. Көбінесе бұл ай сайынғы кірістің 20-дан 40 пайызға дейінгі мөлшері. Соңғы үш жылдағы серпін ай сайынғы міндетті шығындарды төлегеннен кейін қор жинай алатын азаматтардың саны қалыпты түрде өскенін көрсеткен. Салыстырып қарасақ, 2020 жылы азаматтардың – 30,6, ал 2021 жылы 31,4 пайызы осылай жасаған.

Өңірлер бойынша алатын болсақ, олар қор жинамайды немесе артық ақша алып қалмайды. Міндетті шығыстарды төлегеннен кейін Шымкент қаласының және Атырау, Қостанай, Ақмола,

Жамбыл, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарында ақша жинауға қажетті қаражат қалмайды.

Қаржылық көрсетілетін қызметтерді пайдалана білу

Бұл бөлімде азаматтардың қаржылық өнімдер мен көрсетілетін қызметтер туралы хабардарлығының деңгейі, сондай-ақ олардың тұтынушылар арасында таралуы мен қолданылуы зерттелген.

Ең танымалы – тауарлық несие (67,6%) және банктік депозит (60,4%) болды. Бұл сұралғандардың осы қаржылық өнімдер туралы көбірек білетінін көрсетеді.

Банктік депозит респонденттердің соңғы екі жыл ішінде ең жиі ресімдеген өнімі болып табылады – 38,2 пайыз. Салыстырмалы түрде соңғы екі жыл ішінде тауарлық несиесін респонденттердің 36,9, ал өткен жылы сауалнамаға қатысқандардың 23 пайызы пайдаланған. Аталған қызметтерден басқа, респонденттер соңғы екі жыл ішінде тұрғын үй несиесін немесе ипотеканы (39,1%), интернет және мобильдік банкингті (38,8%), зейнетақы аннуитетін (38,7%) жиі пайдаланғанын көреміз.

Қаржылық сауаттылықтың маңызды көрсеткіштерінің бірі – қаржы ұйымдарында ресми құжаттарға қол қою тәртібі.

Халықтың басым бөлігі қаржы ұйымымен шартқа қол қойған кезде шартты мұқият оқитындарын, талаптарын зерделейтінін айтады. Ресми құжаттарға қол қою кезіндегі білімдерінің төмен деңгейін Қарағанды (30%) және Павлодар (27,3%) облыстарының респонденттері, ал Ақтөбе (50%), Алматы (48%), Қызылорда (48%), Солтүстік Қазақстан (48%) және Батыс Қазақстан (48%) облыстарының респонденттері жоғары деңгей көрсетті.

Қаржы жүйесі туралы хабардар болу

Халықтың институционалдық қаржылық мінез-құлқын қалыптастыру талаптарының бірі қаржы ұйымдарының, атап айтқанда, екінші деңгейдегі банктердің қызметі және олардың тұтынушыларға қолжетімділігі болып табылады.

Сауалнамаға қатысқандардың үштен бірі қаржы ұйымдарын өз мақсаттарына жету деп (32,5%) қарастырады, қаржылық қызметтерді еркін ажырата біледі (31,2%) және Қазақстанда қандай қаржы ұйымдары жұмыс істейтіні жөнінде жақсы біледі (30,4%). Бұл ретте, қаржы жүйесіне ерлерге қарағанда әйелдер сенімсіздік танытады екен.

Жалпы алғанда, халық қаржы ұйымдарының тарапынан құқықтардың бұзылуы анықталған жағдайда қандай органдарға жүгіну керектігі жөнінде хабардар. Сауалнама нәтижелері мемлекеттік сектордың, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың дамығаны жөнінде айтуға мүмкіндік береді. Олардың ішінде, респонденттердің бағалауы бойынша, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде, адвокаттар мен заңгерлерде, сондай-ақ ҮЕҰ-да құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік басым түседі.

Әрбір бесінші респондент (19,6%) өз мәселесін қаржы ұйымымен шешкен. Әрбір алтыншы (17,7%) заңгерге/адвокатқа және әрбір жетінші респондент (14,9%) қаржы нарығын дамыту және реттеу жөніндегі уәкілетті органға жүгінген. Респонденттердің 10 пайызға жуығы сот тәртібінде реттеуге жүгінген.

Материал қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сыртқы коммуникациялар басқармасы таратқан мәліметтер негізінде дайындалды.

 

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Материал қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сыртқы коммуникациялар басқармасы таратқан мәліметтер негізінде дайындалды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support