Еліміздің МХҚО-ларында автокөлікті заңдастыру жұмыстары жалғасуда

43

Еліміздің МХҚО-ларында автокөлікті заңдастыру жұмыстары жалғасуда. Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау, Ақтөбе, Тараз және Орал қалаларында МХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Орталықтар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін қабылдайды.

Басқа қалаларда өтініштер саны азаюына байланысты жұмыс кестесі өзгерді. Енді орталықтар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні сағат 9:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді.

Айта кетейік, шетелдік автокөлікті заңдастыру жұмыстарын жүргізетін МХҚО-лар жаңа жұмыс кестесі бойынша 6 наурызға дейін қабылдайды.

Comments are closed.