- Advertisement -

Балаларын бақыламағандар айыппұл арқалады

32

- Advertisement -

Бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі – жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу. Осы бағытта құқық қорғау қызметкерлері түрлі профилактикалық шараларды қолға алуда. Облыстық Бполиция департаментінің қызметкерлері жүргізген рейдтік іс-шаралардың басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа жол бермеу әрі олардың құқықтарын қорғау.

Жалпы, жыл басынан бері тәртіп сақшылары жүргізген 258 жедел профилактикалық шара барысында 613 әкімшілік хаттама толтырылған.

Бұдан бөлек, полиция бөліністеріне 355 жеткіншек жеткізілген. Ал ұл-қыздарына тиісті деңгейде көңіл бөлмеген 13 ата-ана айыппұл арқалаған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде жергілікті полиция қызметі басқармасының кәмелетке толмағандар полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әлішер Қалышев айтты.

Оның сөзінше, жасөспірімдердің түнгі мезгілде ойын-сауық орталықтарында еркін жүруіне жол берген жеке кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 500 мың теңгеден аса айыппұл салыныпты.

– Есепті кезеңде «Жасөспірім» және «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық шаралары жүргізілді. Жасыратыны жоқ, беймезгіл уақытта көшеде жүретін жастардың қарасы қалың. Ал заң бойынша түнде жүрген баланың қасында ата-анасы ғана болуы керек. Себебі полицейлер көп ішінен кәмелетке толмаған оқушыны бірден байқайды. Шара барысында балаларын бақылауға алмаған 64 ата-анаға айыппұл салынды. Сондай-ақ ұл- қызының тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін 253 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, жеткіншектерге алгокольді өнімдер сатқан 5 жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс сотқа жолданды, – деді Әлішер Тілебекұлы.

Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы әкімшілік құқықбұзушылық артып бара жатқандығы да сөз болды. Мәселен, қазіргі таңда 70 жеткіншек есепке қойылса, тәртіпке мойынсынғысы келмеген 24 жасөспірім арнайы бейімдеу орталығына орналастырылған. Ал 6 ата-ана өз құқығынан айырылып, 272 отбасы жайсыз болғаны үшін есепке алынған.

 

Есен ӨТЕУЛІ

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support