- Advertisement -

Бір медбике мектепке жете ме?

188

- Advertisement -

Бүгінде балаларының денсаулығына алаңдаған ата-аналардың жанайқайы жиілеп кетті. Оған мектептегі медициналық пункттердің жұмысына көңілдерінің толмауы себеп болып отыр. Мәселен, Тараздағы жалпы орта білім беретін мектептердегі штатта бір ғана медицина қызметкері бар. Олар осы мектептердегі 1500-2500 балаға жалғыз өздері бақылау жасауға мәжбүр. Ал норма бойынша әрбір 500 балаға бір медбикеден болуы керек екен.

2000 балаға – бір дәрігер

Осыған дейін Оқу-ағарту министрлігінде болып, ондағы маман мәселесі шешілмей келген мұндай медициналық пункттер бүгінде түбегейлі денсаулық сақтау саласына қарайтын болды. Бұл шешім мектеп директорлары үшін қолайлы болды. Өйткені олар бірінші кезекте баланың біліміне жауап беретіндіктен, бұл мәселені шешуге денсаулық сақтау саласының мамандары кіріскеніне қуанған. Жағдай біртіндеп реттеліп келе жатқанымен, мамандардың жетіспеушілігі негізгі мәселеге айна лып отыр. С ебебі мектептердегі медбикелердің жалақысы аз.

Мамандар бұл жерге келе бермейді. Осының әсерінен дәрігерлердің жа лақысын бір жарым айлық мөлшермен ұстаған күннің өзінде бір мектепте көбіне бір ғана маман отыр. Олар осы мектептердегі 1500-2500 балаға жалғыз өздері бақылау жасауға мәжбүр. Бір маман оқушыларға қажетті иммундық алдын алу шараларын да, химиятерапияны  да, тереңдетілген медициналық тексеруді де жүргізуге үлгере алмайды.

Тіс ауырса, іш ауырса…

Ауырған баланы ата-ана үйде ұстайды. Сондықтан сырт көзге бала мектепте ауырмайтын сияқты көрінеді. Десек те, баланың аты – бала. «Бізде 800 бала оқуы керек, ал қазір 1 мың 200 бала оқып жатыр. Осыған қарап-ақ, мектебіміздегі жағдайды біле беруге болады. 5-7 минутта сыныптарды тазалап, желдетіп үлгеріп отыру керек. Бір сыныпта 30-35 балаға дейін отыратын жағдайлар бар. Бұл – бала үшін өте ауыр», – дейді №14 орта мектеп директорының орынбасары Мәулен Жаппасбаев.

Оның үстіне қазір төменгі сыныптарға арналған парталар баланы еріксіз еңкеюге бейімдейді. Ауыр-ауыр кітаптарды арқалап жүретіні тағы бар. Осының барлығы баланың денсаулығына кері әсерін тигізуде.

Не істеу керек?

Мектеп оқушыларының денсаулығына қоғам болып алаңдасақ та жарасар еді. Бұл мәселе, тіпті, күн сайын айтылып жатса да артық емес. Себебі бүгінгі ұрпақ – ертеңгі болашақ. Еліміздегі үлкен қалаларда, Астана мен Алматы мектептеріндегі медициналық пункттерде дефибриллятор орнатылған. Бұл құралдың да бала денсаулығына пайдасы зор. Осындай автоматтық дефибрилляторлар біздің мектептердің де медициналық пункттерінде неме се дене шынықтыру сабағы өтетін жерлерінде орналасуы керек. Оны арнайы медициналық білімі жоқ адамдар қолдана алады. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Бұған қоса, мектеп асханаларындағы тағамдардың сапасын, мектеп дәрігерінің санын арттырып, оған қоса стоматологиялық кабинеттер ашып, спорт залдардың ауқымын кеңейтіп, сыныптағы бала санын азайту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу керек. Дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін оны назардан тыс қалдыруға болмайды.

Сіз не дейсіз?

Сұлушаш ЕРМЕКОВА,

Амангелді орта мектебінің медбикесі:

– Соңғы жылдары оқушылар арасында көздің көруі нашарлап бара жатыр. Бір сыныпта 30 оқушы бар десек, соның 4-5-еуінің көзінде ақау болмаса, қуанамыз. Мектептегі №1 кезекте тұрған аурудың өзі осы болып отыр. Бұған телефон, смартфон, планшет, компьютердің ықпалы бар. Балалар мұндай құралдармен мектепке де келеді. Бес минут үзілісте отыра қалып телефондарын қолдарына алады. Асханаға барғанда да тамағына ден қоймай, екі көздері осы телефонда болады. Бұған үйдегі ата- ананың да кінәсі бар. Мұғалімдердің ескертуіне құлақ аспай жататын да балалар көп. Сондықтан баланы қадағалау керек.

Айжан БАЯТЛИЗЗИ,

ұстаз:

– Біріншіден, бір сыныпта 25 оқушыдан аспауы керек. Ал бізде көбіне оқушы саны одан асып жығылады. Бұл сыныптарда бала қалай демалады? Ол да оқушының денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізеді. Екінші мәселе, мектептегі спорт залдарға байланысты. Бір мектепте 1200 оқушы оқиды десек, спорт залы да сондай балаға арналуы керек. Бала санының көптігінен ол жерде де ондай мүмкіндік жоқ. Үшіншіден, ата-аналардың арасында баласын бірнеше үйірмеге беру сәнге айналып кетті. Бала мектептен шыға сала оны бүкіл спорттық секциялар мен үйірмелерге апарады. Бұл мәселеде де тоқтау болу керек. Әр нәрсенің шегі болатыны сияқты, бұл жағдайда баланы сүйрей берудің шегін ата-анасы білуі, түсінуі керек. Осындай көп салмақты баланың санасына түсіру – оның денсаулығына кері әсерін тигізіп жатыр. Төртіншіден, мектеп асханаларындағы тамақты қазіргі балалар іше бермейді. Ата- анасы берген ақшаға фаст фуд өнімдерін алып жейді. Сосын мектепке келгенде бір мезетте біраз баланың басы не асқазаны ауырып, болмаса іші мен тісі мазалап отырады. Міне, осы кезде бір медбике жалғыз өзі үлгермейді.

Гүлжан РАХМАН

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support