- Advertisement -

Бірлігі бекем ел тозбайды

141

- Advertisement -

Биыл Қордай оқиғасына үш жыл толып отыр. Қордай ауданы, Қаракемер ауылының үш жылдан бергі ахуалының қаншалықты өзгергеніне алаңдап жүргеніміз жасырын емес. Еске сала кетсек, соңғы үш жылда Мемлекет басшысының оқиға орын алған уақытта берілген арнайы тапсырмасы жүзеге асырылған болатын.

Атап айтқанда, «Қордай оқиғасы» кезінде қираған ғимараттар мен сауда орталықтары мен дүкендер қалыпқа келтірілген. Аудан тұрғындарын газбен, ауыз сумен қамтамасыз ету қолға алынып, іске асуда.

Сондай-ақ жолдар жөнделіп, мектептер салынуда. Қордайлықтардың бірқатар мәселелері оң шешіліп, әлеуметтік жағдай оңалып келеді. Бүгінгі күні зардап шеккен аймақтардың қалпына келтіріліп, екіжақты келісімге келген тұрғындардың жай- күйіне дүнген бауырларымыздың ризашылығы зор деп ойлаймыз.

Біз осынау бейбіт күніміздің қадіріне жетіп, түрлі сарындағы арандатушылыққа жол бермеуіміз керек. Ғаламтор, әлеуметтік желілер жақсы дамыған заманда өкінішке қарай әр түрлі жалған ақпараттарға тап болу ғажап емес. Сондықтан кез келген ақпаратты ой елегінен өткізіп, ақыл таразысына салып баққан абзал.

Бейбітшілік пен келісімде ынтымақтаса өмір сүрейік, бірлігімізді нығайтайық. Бұл біздің негізгі құндылықтарымыз, олар көздің қарашығындай сақталуы және ұрпақтан-ұрпаққа баға жетпес мұра ретінде тапсырылуы керек. Өйткені әрқайсымыз үшін ең маңыздысы – ашық аспан, бейбіт өмір!

 

Асқарбек АҚЫЛШАҰЛЫ,

облыстық «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support