- Advertisement -

108 маман жетіспейді

127

- Advertisement -

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өткен жылды қорытындылап, ағымдағы жылдың жоспарын талқылады. Атқарылған жұмыстар туралы негізгі баяндаманы басқарма басшысы Жанар Оспанова жасап, денсаулық саласының әр бағытына жеке-жеке тоқталды.

Бүгінде 2021-2025 жылдарға арналған «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы шеңберінде жұмыстар атқарылуда.

«Жоба барлық ауылдарды тиісті медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және халықты сапалы қызметпен қамтуға мүмкіндік береді. Шұғыл және орта технологиялық- медициналық көмек алу қашықтығы 500-ден 200 шақырымға дейін қысқарады. Нәтижесінде денсаулық сақтау ұйымдарының тозуы 10 пайызға дейін, типтік емес нысандар саны 89,5 пайызға дейін төмендесе, медициналық құралдармен жабдықтау деңгейі жақсарады. Ал денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейі 52,6 пайыздан 38,8 пайызға дейін төмендейді деп жоспарлап отырмыз. Бұл саладағы көрсеткіштердің оң динамикасын қалыптастыруға септігін тигізеді», деді басқарма басшысы Жанар Мықтыбекқызы.

Айта кетер жайт, бүгінде облыс бойынша 108 маман жетіспейді. Жалпы 36 ауруханалық нысанда 15713 медициналық қызметкер жұмыс істейді. Облыстың грантымен жалпы медицина мамандығы бойынша 42 студент оқиды. Қосымша 63 дәрігер резидентурада білім алып жүр. Өңірімізге соңғы 3 жылда 415 жас маман келді.

Сондай-ақ биыл 1,1 миллиард теңгеге 18 дана медициналық құрал-жабдықтар сатып алынады. Аудандық медициналық ұйымдардағы санитарлық автокөліктердің дені тозған. Жедел жәрдем шақыртулары кезінде кешігулер саны артып, тұрғындар арасында наразылық тудырған еді. Бұл жағдай әлеуметтік желілерде бірнеше рет көрініс тапқан болатын. Жалпы облыста 535 санитарлық автокөлік бар, оның 50,84 пайызының тозығы жеткен, 139 данасын есептен шығару керек. 133-і жөндеу жұмыстарын қажет етуде.

2017 жылдан бастап денсаулық сақтау саласын цифрландыру бастау алды. Осы мақсатта 2016- 2017 жылдары барлық медициналық ұйымдар компьютерлік техникамен және принтерлермен қамтамасыз етілді.

Үздік тәжірибе орталығы бүгінде Меркі, Жамбыл, Талас аудандық орталық ауруханаларында және №2 мен 5 қалалық емханасында іске қосылып, жұмыс атқаруда. Ағымдағы жылы Қордай аудандық орталық ауруханасында және Шу қалалық емханасында ашу жоспарлануда. Бүгінгі таңда мамандарды оқытып дайындау, кабинеттерді жабдықтау жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғындарға шұғыл, жоғары технологиялық- медициналық көмекті «алтын сағат» қағидасын жоғалтпай көмек көрсету мақсатында 3 аудандағы (Меркі, Талас және Шу) аудандық орталық ауруханалары көпбейінді ауданаралық ауруханалары болып жаңғыртылады.

Бұл ауруханаларда травматология, 2-3 деңгейлі инсульт орталығы немесе тері арқылы коронарлық араласу орталығы, перинаталдық орталық немесе босандыру бөлімі, хирургиялық бөлім, реанимация және интенсивті терапия және медициналық реабилитация, қайта қалпына келтіру бөлімдері ашылады. Бұл 340 мыңнан астам адамға медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Өкініштісі сол, еліміз бойынша жалпы жол- көлік оқиғасынан аймағымыз алдыңғы қатарда тұр. 2022 жылы 1491 оқиға тіркелген болса, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,5 пайызға артық. Оның ішінде Қордай ауданы бойынша – 30, Тараз қаласы бойынша – 25, Мойынқұм ауданы бойынша 31 пайызға өскен.

Облыс бойынша Сортөбе ауылынан Отар ауылына дейінгі «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық тасжолында 40 шақырымнан астам жерде алғашқы медициналық көмек көрсету және зардап шеккен науқастарды эвакуациялау үшін медициналық-құтқару пункті, байланыс жоқ. Осы және басқа да түрлі себептермен жол-көлік оқиғасынан былтыр 2240 адам жараланып, 218 тұрғын қаза тапқан. «Денсаулық сақтау министрінің «Жарақаттар кезінде медициналық көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу жөніндегі жол картасына» сәйкес жарақат кезінде алғашқы медициналық көмек беру дағдыларына оқыту тапсырылған еді. Берілген тапсырмаға сәйкес, медициналық білімі жоқ адамдарды қызмет көрсету бойынша даярлау циклы Жамбыл жоғары медициналық колледжі мамандарының күшімен ақысыз негізде оқытылды. Барлығы 179 полиция қызметкері оқудан өтті», деді басқарма басшысы.

 

Гүлжан ОРАЛБАЙҚЫЗЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support