- Advertisement -

Қаржылық сауаттылық: Бірге арттырайық

173

- Advertisement -

Алаяқтар менің келісімімсіз несие рәсімдеді. Не істеу керек?

Атыңызға несиенің заңсыз рәсімделгенін уақтылы анықтауға несиелік тарих мүмкіндік береді. Ең алдымен несиелік тарихты қарап отыру арқылы алаяқтардан сақтана аласыз.

Егер өзіңіз рәсімдемеген несие бойынша қарызыңыз бар екенін білсеңіз, ең алдымен кредиттік тарихыңыз туралы мәліметтер алу үшін несиелік бюроға сұрату жіберу қажет. Несиелік бюролардың дерекқорларында бүкіл Қазақстан бойынша әрбір банктің және несиелік ұйымның барлық қарыз алушысы туралы мәліметтер бар. Ол туралы ақпарат алу үшін мынадай дереккөздердің кез келгеніне жүгінуге болады.

  1. Мемлекеттік несиелік бюро: mkb.kz.
  2. Бірінші несиелік бюро: 1cb.kz (сондай-ақ оның мобильдік қосымшасы арқылы).
  3. egov.kz.

Несиелік есепте несие рәсімделген ұйымның атауы көрсетіледі. Одан әрі жапа шегуші құқық қорғау органдарына және ішкі тергеу жүргізуді талап ете отырып тікелей несиелік ұйымға алаяқтық туралы ресми өтініш жазуы қажет. Міндетті түрде барлығын ресми түрде жасап, құжаттардың кіріс нөмірлерін алу керек. Кредитор ұйым құжаттарды беруден бас тартқан жағдайда, агенттіктің қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағым беруге болады.

 

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support