- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімі Нұржан Нұржігітовтің Рождество мерекесімен құттықтауы

107

- Advertisement -

Құрметті жамбылдықтар!

Өңіріміздегі православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Бұл — әрбір христиандық сенушілердің өміріндегі маңызды әрі жарқын мерекесі!

Рождество — үндестік пен өзара түсіністікке шақыратын, көптеген адамдардың жүректерін үміт пен махаббатқа толтыратын мейрам.

Тәуелсіз Қазақстанда өзара толеранттылықта түрлі этностар мен діни сенімдердің өкілдері мекен етуде.

Облысымыздағы православие христиандары басқа да дәстүрлі дін өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста өмір сүріп, аймақтың рухани-әлеуметтік, саяси-экономикалық дамуына, конфессияаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға өз үлестерін қосып келеді.

Өңірдің барлық православие христиандарына, әрбір отбасыға шын жүректен жақсылық, бақыт, зор денсаулық пен амандық тілеймін!

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support