- Advertisement -

Ерекше балаларға қуаныш сыйлады

55

- Advertisement -

Жаңа жыл қарсаңында облыс көлемінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлауды мақсат тұтқан сондай шараның бірі – өткен сенбі күні «Талмас» ерекше балалар мен аналар тобының ұйымдастыруымен өтті. Бұл күні мүмкіндігі шектеулі 100-ден аса бала тегін қойылым көріп, ерекше сыйлықтар алды. Сондай-ақ іс-шара аясында балалар тақпақ айтып, би биледі. Балғындардың өнеріне тәнті Аяз ата мен Ақшақар оларға түрлі сыйлықтар үлестірді.

–Ерекше балаларға арналған мұндай мерекелік іс-шараны ұйымдастыруды өзіміз қолға алдық. Жалпы, төрт жыл бұрын «Талмас» ерекше балалар мен аналар тобы құрылды. Алғашында 15 бала ғана болған бұл топта бүгінде 100-ден аса жеткіншек бар. Оларға Астана, Алматы қалаларынан және өзге де облыстардан келген мамандар қызмет көрсетеді. Бүгінде нәтиже жаман емес. Әр бала өзін қоғамның лайықты мүшесі сезініп, өмірден өз орнын табуға ұмтылуда. Бізге бұған дейін өңірге белгілі азаматтар қаржылай қолдау көрсетіп келді. Бірі балалардың ем-домына қажетті қаражатты берсе, өзгесі олар үшін жалға алынған ғимараттың ақысын төлеп жатыр. Мұның бәрі біз үшін үлкен қолдау, – деді «Талмас» ерекше балалар мен аналар тобының белсенді мүшесі Айжан Болатбекова.

Салтанатты іс-шара соңында облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Еркін Келесов «Талмас» ерекше балалар мен аналар тобындағы жеткіншектерге алдағы уақытта жергілікті билік тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін жеткізді.

 

«Aq jol»-Аqparat».

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support