- Advertisement -

Балалық шақтың бақыты

72

- Advertisement -

Өңірлік коммуникация қызметі облыстық білім басқармасымен бірлесіп, балалар лагерьлеріне баспасөзтурын ұйымдастырды. Қордай ауданындағы «Балауса» жәнеЖуалы ауданындағы «Тау самалы»  мен «Берікқара» лагерьлеріндегі оқушыларды жазғы сауықтыруға жасалғанжағдай таныстырылды.

Мемлекеттік «Балауса» лагері 1977 жылы салынған, 300 орындық сауықтыру кешені 6 гектар аумақты алыпжатыр. Аталған лагерьде 6 жатын корпус, асхана, бассейн, душ, монша, 2 спорттық алаңдар, жазғы сахна жәнемедпункт бар. Балаларды танымдық және тағылымдық тұрғыдан дамытуға, жаз мезгіліндегі бос уақыттарын тиімді пайдалануға үлесін қосып отырған мекемедегі топтар алтауболса, 25 қызметкер маусымдық жұмыста еңбек етуде.

Аталған лагерьде 12 маусымнан бастап 1 ауысымда Қордай ауданының 300 баласы қамтылған, 26 маусымнан бастап әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасының 300 баласы кезекті демалысын «Балаусада» өткізген. Қазір мұнда 284 оқушы тынығуда. Бұл мемлекеттік лагерьде жергілікті бюджет есебінен аудандағы 850 баланың демалысы ұйымдастырылады. Сонымен қатар, 10 шілдеден бері«Қазақстан халқына» қорының есебінен 400 оқу үздіктерімен түрлі жарыс жеңімпаздары жазғы демалысын осында өткізуде.

—  Лагерьдегі  демалысым өте қызықты өтуде. Мектептегі сабағыма қосымша бокспен айналысатынмын, қазір лагерьде футболды көбірек ойнап жүрмін. Біздің тобымыздың аты «Жас ұрпақ«, соған қарай топты құранымыз бар. Осындағы жарыстарда, ойнағанда сол ұранымызды айтып шығамыз,  — дейді Әлинұр Сүндет.

Биыл лагерьге алғаш рет келдім, мені қатты қызықтырды. Жасағымыздағы ұл-қыздармен тату-тәтті ойнаймыз. Жасағымыздың жетекшісі Мерей және Ұлжан апайлар тура анамыз сияқты қамқорлық көрсетіп, үнемі қасымызда жүреді. Таңертеңгісі сағат 7-де оянып, денежаттығуын жасаймыз. Түскі астан соң бассейнге шомыламыз. Маған әсіресе,  жаттығу жасап, суда жүзген ұнайды,  — дейді Шу ауданынан келген 5-сыүып оқушысы Бегімсұлу Бекжан.

Айта кетейік, бассейнге тиісті нормаға сай су құйылған. Азаннан түске дейін залалсыздандырылады. Су жылығандаәр топ 20 минуттан кезекпен келіп, шомылады. Бассейннен шыққаннан соң балалар душқа немесе моншаға түсулеріне мүмкіндік жасалған. Лагерь директоры Рая Ағыбаева жазғы сахна 2020 жылы күрделі жөндеуден өткенін айтып, қазір ғимараттар ескіріп тұрғанын жасырмады. Облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Нысанбаев  алдағы 2024 жыды бұл нысан күрделі жөндеуге ұсынылатынын,  сол кезде әр жатын орын санитарлық тораппен қамтылатынын жеткізді.

Жуалы ауданындағы Берікқара шатқалында орналасқанжекеменшік «Тау самалы»

1970 жылдан бері оқушылардың игілігіне пайдаланылып келеді. Жалпы көлемі 7 гектар алқаптағы 350 орындық, сауықтыру кешенінде 3 жатын корпус, асхана, бассейн, душ, монша, спорттық алаңдар мен медпункт жұмыс істейді.

Мұндағы демалушы балалар 13 топқа бөлініп, оларға түрлі бағытта тәлім мен білім беріп, қауіпсіздігін қадағалап жүрген  34 маусымдық қызметкерлер күндіз-түні қасында болады.

Биылғы 8 маусымынан бастап бұл жерде Жамбыл ауданының әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасының 350 баласы,  21 маусым күні Байзақ ауданының 80 баласы жазғы демалыстарын тиімді өткізіпті.

Одан бөлек аталған лагерьде Семей, Ақтөбе және Қызылорда облыстарынан 270 бала демалуда. Сонымен қатар, 17 шілдеден бастап Шу ауданының 300 баласын және Байзақ ауданының 220 баласын демалыспен қамтып отыр.

Осындағы тағы бір жекеменшік «Берікқара» сауықтыруорталығы 2017 жылы пайдалануға берілген. Бұл лагерьдің сиымдылығы 500 балаға арналған. Мұнда да балалардың қызықты демалысына қажеттінің бәрі жасалған. Алайда, топтар көп емес 8 ғана, олардың қауіпсіздігін қорғап, өнер-білімге баулуда  21 маусымдық қызметкер жұмыс жасап отыр.

Өткен 12 маусымда 1 ауысым басталып, Тараз қалалықбілім бөлімімен жасалған келісім-шарттың негізінде Тараз қаласының әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасының 455 баласы, 26 маусымда 466 баласы қабылданып,  жазғы демалыстарын ұтымды ұйымдастырған.

 

Қамар ҚАРАСАЕВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support