- Advertisement -

Ақназар – марафон жеңімпазы

73

- Advertisement -

Тараз төрінде «Сен жеңімпазсың!» атты жеңіл атлетикалық марафон өтті. Облыс әкімдігі спорт басқармасы мен «Жамбыл марафон» бірлестігі ұйымдастырған іс-шараға Түркістан, Қостанай облыстарынан және Алматы, Шымкент, Талдықорған, Тараз қалаларынан 700-ден астам адам қатысты. Оның ішінде, 160 қатысушы 6-12 жастағы жасөспірімдер. 500 метр қашықтық сайысында шымкенттік желаяқ Ақназар Рәтбек топ жарып, мәре сызығынан алғашқы болып өтті.

– Ұлым Ақназар 500 метр қашықтық сайысында бірінші орынға ие болды. Бұл 10 жасар баламның спорттағы алғашқы жеңісі. Үш жылдан бері жүзумен айналысатын ұлым бүгінде Шымкент қаласындағы №23 мектеп-лицейде 6-сыныпта оқиды. Жалпы, мұндай жарыстарға өзім де жиі қатысамын. Бұған дейін, Шымкент, Түркістан қалаларында өткен марафондарға қатыстым. Сол сәттерде ұлымды қасымнан бір сәтте тастаған емеспін. Ал енді Таразда өткен жарыста алғаш рет додаға қостым. Осылайша, өз қатарластарынан оқ бойы озық шығып, жеңімпаз атанып отыр. Ұлымның бұл жеңісі оған сенім сыйлады. Алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындырады деп сенемін, – дейді әкесі Санат.

Айта кетейік, марафонға қатысушыларға дипломдар мен қаржылай сыйақылар табыс етілді. «Қазфосфат» ЖШС, Тараз металлургия зауыты және «Dveri city» компаниясы демеушілік жасаған жарыстың жалпы жүлде қоры 1 миллион 760 мың теңге.
«Aq jol»-Аqparat».

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support