- Advertisement -

Қауіпсіздік шаралары пысықталды

90

- Advertisement -

Т.Рысқұлов ауданының төтенше жағдайлар және No10 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ аудандық филиалының өкілдері, аудандық электр желілерін тарату мекемесі қызметкерлерімен бірлесіп, тұрғын үйлердегі өрттердін алдын алу мақсатында және жылыту пештері мен тұрмыстық газ құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды насихаттау, сонымен қатар балаларды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға бейімдеу мақсатында, Абай ауылдық округінде өрт қауіпсіздігі сенбілігін ұйымдастырды.

Мамандар ауылдағы үйлерді аралап, тұрғындарға тиісті нұсқаулар берді. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында халыққа қысқы мал азығын сақтау кезіндегі қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, тұрғын үй-жайларда жылу беру пештері мен газ баллон қондырғыларын орнату және ұстауы кезіндегі талаптарды сақтау ережелері түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша жадынамалар таратылды.

 

«Aq jol»-Aqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support