- Advertisement -

Басты мақсат – сапалы тұқым себу

84

- Advertisement -

Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау инспектурасында қолданыста 5 сорт сынау учаскесі бар. Соның бірі – Тұрар Рысқұлов аудандық астық мемлекеттік сорт сынау учаскесі. Оның тұрақты жер телімі, ауыспалы егістік алқабы, сонымен бірге арнайы техникалармен жабдықталған, қойма алаңдары бар.

Мұндағы жұмыстар мемлекеттік комиссия бекіткен бірыңғай әдіс- тәсілдер бойынша жүргізіледі.

Қазіргі кезеңде 2022-2023 жылдардағы күздік жұмсақ бидайдың 40 сорты, қатты бидайдың 3 сорты, тритиколе мен күздік арпаның 2 сорты себілді. Көктемде жаздық дақылдардың 9 сорты себілетін болады.

Екі жыл сынақтан кейін, сапалы, жоғары өнімді, суыққа, құрғақшылыққа төзімді сорттар анықталып, аудандастыруға ұсынылады.

Биыл күздік бидайдың «Мереке-70», «Даулет Несипхан», «Сәт- 14», «Тритиколенің» «Бару» атты сорттарының сапасы мен өнімділігі жоғары болды.

 

Абдімүталіп ИЛЬЯСОВ,

аудандық астық мемлекеттік сорт сынақ учаскесінің басшысы.

Т.Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support