- Advertisement -

Инвестиция 39 есеге артты

214

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларындағы міндеттерді жүзеге асыруда ұдайы қаржы секторына басымдық беріледі. Еліміздің әлемдік экономикаға кірігуі, халықаралық мәндегі серпінді жобаларды жүзеге асыру, инфляцияны тежеу және қаржылық нарықтың тұрақтылығын сақтау, экономикалық өсімді ынталандыру дәл осы міндеттерді табысты шешумен тікелей байланысты.

2022 жылға арналған Жамбыл ауданының бюджеті 19 миллиард 408 миллион 500 мың теңге көлемінде қалыптасып отыр. Салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, осыдан 29 жыл бұрын аудан бюджеті 500 миллион теңге көлемінде еді. Бұл дегеніміз, аудан бюджетіне тартылып жатқан инвестициялар 39 есеге артқанын көрсетеді. 10 айдың қорытындысы бойынша, аудан бюджетінің жоспарланған 15 миллиард 643 миллион теңгенің 94,3 пайызы игерілді. Оның ішінде төртінші деңгейдегі бюджет бойынша жоспарланған 2 миллиард 97 миллион 800 мың теңге 96,2 пайызға орындалды. 1 миллиард 278 миллион 650 мың теңге көлемінде еңбекақылар, 129 миллион теңге әлеуметтік төлемдер төленді.

Ал ауданның дамуға арналған шығыстар көлемі 2 миллиард 901 миллион 167 мың теңгені құрап отыр. Сондай-ақ өзіндік кіріс – 4 миллиард, субвенсия – 10 миллиард теңге, трансферт – 4,3 миллиард теңге.

Аудан көлемінде жалпы құны 4,2 миллиард теңгеге 17 бюджеттік инвестициялық жоба іске асырылуда. Олардың қатарында Айша бибі, Шоқай ауылының мектеп құрылысын, Бесағаш, Түрксіб, Қаракемер 3 елді мекеннің ауыз су құбырын, Аса ауылында кәріз жүйесін қалпына келтіру, 13 елді мекенге магистральды газ құбырын тарту, 3 елді мекенге учаскелік полиция пункті ғимаратын салу, 5 елді мекенге спорт кешені құрылысын жүргізу бар. Бұдан бөлек, 2022-2023 жылдары жалпы сомасы 5,6 миллиард теңгеге 11 жобаның құжаттары қаржыландыруға дайын.

Атап айтар болсақ, Шоқай ауылындағы мектептің құрылысын аяқтағанға қосымша қаржы, 4 тұрғын үй құрылысын жүргізу (5 қабатты – жалпы 320 пәтер), осы тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желісін тарту, Аса ауылына теміржол өткелі құрылысын жүргізу, мұражай, Қызылқайнар ауылына 180 орындық клуб құрылысын, Бесағаш ауылына спорт кешені құрылысы, Аса ауылына қаңғыбас иттерге арналған орынжай мен жаңа тұрғын үй массивіне электр жарығын, қиыршық тас төсемін төсегенге және Айша бибі ауылының жаңа тұрғын үй массивіне қиыршық тас төсемін төсегенге құжаттар даяр.

2023-2025 жылдары іске асыруға 15 жобаның жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Нақты айтар болсақ, 4 елді мекенді ауыз сумен қамту жобасы, Аса ауылына 5 қабатты 2 тұрғын үй (160 пәтер), 4 елді мекеннің жаңа тұрғын үй массивін инфрақұрылыммен қамту, 1 спорт кешенінің құрылысы, 2 округтің әкімшілік ғимараты құрылысы, 1 елді мекеннен клуб құрылысы, 3 елді мекенге магистральды және ауылішілік газ құбырын тарту жобасы, Гродиково шекара заставасы ғимараты қазандығын газға ауыстыру жобасы, 3 теміржол стансасы аумағындағы елді мекенді электр жарығымен қамту (аудандық РЭС-ке ауыстыру), Тоғызтарау ауылы Аса өзенінің арнасына шлюз орнату жобасы бар.

 

 Маржан БАЙГЕЛДІ,

аудандық қаржы бөлімінің басшысы.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support