- Advertisement -

Ел сенімі – жаңа міндеттерге жол ашады

95

- Advertisement -

Қазақстан халқы 2022 жылдың 20 қарашасы күні үлкен тарихи шешім қабылдады. Елімізде Президент сайлауы өтіп, халық өз таңдауын жасады. Алайда биылғы сайлаудың бұрынғылардан өзгеше болғандығын айта кеткен жөн. Біріншіден, Мемлекет басшысы тұңғыш рет 7 жылдық мерзімге бірінші рет қана сайланды. Екіншіден, бұл сайлау елімізде жүргізіліп жатқан көптеген реформалардың жалғасы болып табылады. Үшіншіден, алғаш рет бюллетеньге «бәріне қарсымын» деген баған енгізілді.

Халық осындай жауапты уақытта дауыс беруге барынша жан-жақты атсалысты. Отандастарының зор сеніміне ие болып, Президент болып сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевқа алдағы уақытта Әділетті Қазақстан құру мақсатындағы барлық бастамаларының оңды болуына, мемлекетімізді реформалауға байланысты барлық игі істерінің табысты болуына тілектеспіз. Елдің бұл үлкен сенім мандаты – Тәуелсіз жаңа Қазақстанды дамытуға бағытталған ұлы істер жолындағы жаңа мүмкіндіктер деп білемін.

Қазақстан елі барлық көрші мемлекеттермен тату болып, өзара құрметке негізделген стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайта түсетіндігіне бек сенімдімін. Еліміздің экономикалық-әлеуметтік әл-ауқатының көтерілуіне көптеген жағдайлар жасалатындығына, білім мен ғылымның алға озатындығына, жаңа маңызы зор кезең туатындығына еш күмәнім жоқ.

Бұл сайлау – Президенттің Әділетті де қуатты Қазақстанды құру бағытында барша азаматтың басын біріктіріп, қоғам мен ел үмітін толық ақтағанының жоғары нәтижесі деп білемін. Көпшілік Президенттің халықаралық деңгейдегі сарабдал саясаты мен батыл әрекеттеріне сенім артты. Ендеше, Тәуелсіз Қазақстанның дамуында жаңа кезең басталды. Қазақстан халқы өз таңдауын жасады. Жаңа Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен біздер алға қойған барлық мақсат-мұраттарымызға бірге жететіндігімізге өте сенімдімін!

 

Асқарбек СЕЙІЛХАН,

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support