Испаниямен байланыс нығайып келеді

18

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегромен кездесті.

Нұржан Нұржігітов қонаққа облыстың негізгі даму бағыттары туралы айтып, өңірдің ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, баламалы энергетика салаларындағы зор әлеуетін атап өтті.

Тарапт ар с ауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, «жасыл» экономиканы дамыту, бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері мен жоспарларды талқылады.

Өз кезегінде Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегро Қазақстанның сенімді серіктес екенін жеткізіп, екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға және кеңейтуге мүдделілік білдірді.

Кезде су қорытындысымен тараптар түрлі салаларда алдағы уақытта да жемісті ынтымақтастықты жалғастыру, тәжірибе алмасу жөнінде келісімге келді.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.