- Advertisement -

Жастарды қолдау жаңаша бағыт алмақ

68

- Advertisement -

Жалынды жастарға мемлекеттік деңгейде қолдау көрсету – Мемлекет басшысының негізгі талабының бірі. Әрине, мұны біз әрдайым сезініп келеміз. Өткен Президент сайлауында жастар жағы өздерін ең белсенді сайлаушылар қатарында көрсетті деп білемін. Елдің көсегесін көгертемін деген лайықты үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Сайлау барысында қарапайым халықтың жоғары белсенділігін байқадым.

Шын мәнінде, сайлау – халықтың мәселесін шешудің алғышарты. Сонда ғана халықтың сайлауға қатысу көрсеткіші жоғары болады. Сондықтан қарапайым халықтың өмір сүру сапасы жақсарса екен деймін. Ал бұдан былай жастарды қолдау жаңаша бағыт алмақ. Сол себепті, Әділетті Қазақстанды құруды көздеген Президент төңірегіне топтасуымыз қажет.

Мемлекетті тұлғалар түзететінін ескерсек, халық сол тұлғалардың айналасына жұмылып, мемлекеттік істерді жүзеге асыруға қатысады. Бұл әлімсақтан жалғасып келе жатқан қағида. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жаңа тарихында орыны бар тұлға. Ол кісіге қарапайым халық қашанда алғаусыз көңілін білдіреді. Халық пайдасына өлшеусіз жұмыс жүргізіп жатқан Президентті бірауыздан қолдады. Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біз саламатты, білімді, еңбексүйгіш, әлеуметтік тұрғыдан қорғалған және отаншыл қоғам қалыптастырамыз», – деді.

Сондай-ақ аталған өзгерістің бәрін жақын арада жүзеге асыруға ниетті екенін қадап айтты. Әрине, халықтың қолдауы осы мақсаттарға жетудің басты кепілі болады. Көзделген игі өзгерістерді іске асыруға неғұрлым көп азамат қатысса, нәтижеге соғұрлым тезірек жететініміз анық.

 

Әкімжан ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ,

Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің 4-курс студенті.

Тараз қаласы.

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support