- Advertisement -

Цифрлық тендерлік кепілдік: бірнеше минутта және ешқандай құжатсыз

141

- Advertisement -

Осы жылдың көктемінде кәсіпкерлер банктік тендерлік кепілдікті онлайн алуға мүмкіндік пайда болды. Жаңа технологияларды пайдалана отырып, цифрлық кепілдіктер беру кәсіпкерлердің уақытын айтарлықтай үнемдегенін айтпағанда, компаниялардың тендерлерге қатысу процесін керемет жеңілдетті. Ал шындық мынада – дәл қазір кепілдік берудің жылдамдығы мен қарапайымдылығы басты бәсекелестік артықшылық болып табылады.

Бүгінгі таңда бірнеше минут ішінде алуға болатын цифрлық тендерлік кепілдіктерді тек Halyk Bank шығарады. Кәсіпкер Банк бөлімшелеріне бармай, 30 млн. теңгеге дейінгі сомаға электрондық бланкілік тендерлік кепілдіктер шығаруды ресімдей алады. Айтпақшы, жақын арада кепілдік сомасы бойынша лимит 100 млн. теңгеге дейін ұлғайтылады, бұл ретте бір кепілдік 30 млн. теңге шегінен аспауы тиіс.

Бұл өнім мемлекеттік сатып алу порталдары мен «Самұрық-Қазына» АҚ тендерлеріне белсенді қатысатын бизнес өкілдеріне арналған. Оны осы уақытқа дейін Halyk Bank клиенті болмағандар да пайдалана алады. Кәсіпкерлерге Onlinebank қосымшасын жүктеп, ЖК немесе ЖШС үшін онлайн шот ашу қажет. Осы қарапайым әрекеттерді орындау арқылы ол бірден цифрлық кепілдікті оңай және жылдам рәсімдей алады. Ал егер компания тендерлерге жиі қатысатын болса, онда Onlinebank қосымшасы арқылы тендерлік кепілдіктердің шексіз санын 5 млн. теңгеге дейін тегін шығаруға мүмкіндік беретін Tender тарифтік пакетін қосуға болады.

Банкте бұл қызметті әзірлеу барысында олар бизнестің қажеттіліктеріне негізделгенін айтылды. Транзакциялық бизнес департаментінің директоры Гүлсім Душатова атап өткендей, кәсіпкердің көптеген міндеттері бар: «Тендерге қатысу туралы шешім қабылдай отырып, кәсіпкер өзінің қоймасында қанша тауар бар екенін, келісімшарт талаптары бойынша қандай параметрлерге сәйкес келу керектігін, қажетті мерзімде жеткізу туралы ойлайды. Бұл сызбаны ол әр уақытта басында құрайды. Онымен қатар әлі кепілдік ресімдеумен де айналысу керек. Бұның бәрі тендерлердің барлығын компания жеңетінін білдірмейді. Мысалы, ол 10 кепілдік береді және ең жақсы жағдайда 1-2 тендерді жеңеді. Қандай болғанда да кепілдік шығаруға уақыт жұмсалады. Осыны ескере отырып, біз цифрлық тендерлік кепілдік әзірледік, оны ресімдеу процесін барынша жеңілдеттік. Біздің басты міндетіміз – кәсіпкердің уақытын осы маңызды, бірақ әлі де ілеспе нәрселерге емес, бизнеске ғана жұмсалуы».

Шамасы, кәсіпкерлер жаңа өнімнің ыңғайлылығын толық бағалады. 2022 жылдың 5 айында цифрлық кепілдіктер шығарудың арқасында бланкілік тендерлік кепілдіктер бойынша өсім 112%-ды құрады.

«DistriTech» ЖШС бас бухгалтері Рауан Жұмағұлов цифрлық тендерлік кепілдіктерді шығарудағы өзінің клиенттік тәжірибесі туралы айтып берді: «Біз 2-3 жылдан бері Halyk Bank клиенттері болып табыламыз және кредиттер, овердрафттар, халықаралық және қазақстандық банктік кепілдіктер, валюталық келісімшарттар, аударымдар сияқты банк өнімдерін белсенді қолданамыз. Банктік кепілдікті шұғыл шығару туралы мәселе туындаған кезде мен менеджерімізге жүгіндім. Оның айтуынша, банкте үш минут ішінде цифрлық тендерлік кепілдікті шығаруға мүмкіндік беретін қызмет пайда болды. Мен бұл өте ыңғайлы деп айта аламын. Артықшылығы, әрине, жылдамдықта: 2 минут ішінде кепілдік шығару – бұл керемет. Тағы бір артықшылығы – сіз көптеген қағаздарды толтырмайсыз. Мен өзім басқа банктермен жұмыс істедім, ол жерде келісімшарттарға, өтінімдерге қол қою қажет болды, көптеген құжаттар сұралды, олар менің ойымша, артық болды. Осыған байланысты цифрлық тендерлік кепілдіктер барлық жағынан артық. Әрине, бұл тендерге өтініш беру кезінде үнемделген уақыт».

Цифрлық тендерлік кепілдікті шығаруды шешкен клиентке ештеңе терудің, ешқандай деректерді енгізудің қажеті жоқ. Цифрлық бланкілік тендерлік кепілдікті алу үшін тек Halyk Bank-те шот болу қажет және Onlinebank қосу қажет. Сіз компьютердің де, смартфонның да көмегімен кепілдік ресімдей аласыз. Қазіргі уақытта Onlinebank қосымшасының веб-нұсқасы арқылы цифрлық кепілдіктердің 67%-ы, ал мобильді қосымша арқылы 33%-ы ресімделеді.

«Тендерлерде әрдайым қарапайым және бір буынды атаулар бола бермейді, бұл өтінімдерді қатесіз толтыру міндетін қиындатады. Тендерге қатысу және өтінім беру рәсімінің өзі сатып алу мен лоттың сипаттамасын, соманы және т.б. қоса алғанда, өтініштің көптеген жолдарын толтыруды білдіреді. Біздің өнімде клиент білуі керек барлық нәрсе – өз мүмкіндіктері және қатысқысы келетін сатып алудың нөмірі. Осыдан кейін, тіпті оған лоттар да таңдалады, ол бір рет басу арқылы қатысуды жоспарлап отырған сатып алуды таңдай алады және комиссияны есептен шығару үшін шотты тізімнен таңдай алады. Барынша қарапайым, оңай және жылдам. Салыстыру үшін, мемлекеттік сатып алу порталында мынадай опция бар: клиент сол жерде электрондық әмиянды ашып, сонда қандай да бір соманы тастай алады. Тендерді таңдағаннан кейін ол әмиянынан талап етілетін бір пайызды аударады, іс жүзінде бұл кепілдік сияқты. Бұл механизм кәсіпкерлердің өмірін жеңілдетті, бірақ қандай да бір жолмен өз ресурстары жұмсалады. Ал біздің артықшылығымыз – банк кепілдігін шығару кезінде тек қызмет үшін төлем бар», – деп Гүлсім Душатова атап өтті.

Сонымен қатар қазір банкте кәсіпкерлер үшін сервистің функционалдығын кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Жаңа мүмкіндіктер бизнес өкілдеріне жақын арада қолжетімді болады.

 

 ҚНРДА берген 2020 жылғы

3 ақпанындағы №1.2.47/230.38/1 лицензиясы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support