- Advertisement -

Сайлау барысын байқауға дайын

11

- Advertisement -

«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы 20 қарашада өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына байқаушыларды даярлау бойынша жұмыс істеп жатыр. Тараз қаласы мен облыс аудандарында 20-дан астам оқыту семинарлары өткен. Қазіргі уақытта барлық ашық сайлау учаскелерінде сайлау процесінің заңдылығын қадағалайтын 900-ден астам байқаушы оқытылған.

«Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ-нің серіктесі – 2015 жылдан бері сайлауда байқау тәжірибесі бар «Жастар-зерттеу» жастар қоғамдық бірлестігі.

Сайлау алдындағы кезеңде халықпен, президенттікке кандидаттар штабының өкілдерімен кездесулер өткізілген. Әрбір байқаушы сайлау учаскесі ашылғаннан бастап бюллетеньдерді санағанға дейін байқайтын болады. Сайлау учаскесіне барған әр байқаушының қолына оларды жіберіп жатқан ұйым басшысының қолы мен мөрі басылған жолдама беріледі. Штаб қызметін 6 адам үйлестіреді, сонымен қатар сайлау күні қосымша қызметкерлер тартылады. Аудандар мен қала бойынша 16 мобильді капитан жұмылдырылған. Облыстағы 493 сайлау учаскесінің барлығында байқаушылар байқау жүргізетін болады. Олардың жұмыстарын үйлестіру үшін Тараз қаласында 4 капитан, Қордайда – 2, Шуда – 2, қалған аудандарда бір-бірден капитандар бекітілді.

Бұл туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын бақылауға дайындық барысы туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында «Партиялық емес байқау орталығы» РҚБ облыстық филиалының жетекшісі Асқар Қадырқұлов айтты.

Баспасөз алаңында «Жастар-зерттеу» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Нұртілеу Сегізбай, Тараз қаласы бойынша мобильді капитан Тұрлыхан Камал сөйлеп, жастардың сайлауды байқауға көптеп қатысуы жауапты науқанның әділ және таза өтуіне септігін тигізетініне тоқталды.

 

Жүрсінгүл ЖАҚЫП

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support