- Advertisement -

Көтерілген проблемалар сараланды

37

- Advertisement -

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың республикалық сайлауалды штабында бүгінге дейінгі үгіт-насихат жұмыстарын талқылады. Кездесулерде көтерілген проблемалар сараланды.

Сондай-ақ өңір-өңірдегі сайлаушылар тарапынан түскен қоңыраулар және хаттармен танысып шықты. Сауалдың дені сайлауалды бағдарламаға қатысты ұсыныстар. Штаб өкілдері олардың әрқайсысын мұқият зерделеп, тиісті жауаптарын беріп жатқанын айтты. Оппозициялық партия өкілі Нұрлан Әуесбаев күні бүгінге дейін елдің 6 аймағын аралап шықты. Мақсұт Насибулов, Н.Әуесбаевтың сенімді өкілі:– Жалпы Қазақстан бойынша аймақтарда Нұрлан Әуесбаевты қолдайтын 20 штаб бар. Олардың бәрі қарқынды, белсенді жұмыс істеуде. Оның ішінде үгітшілердің өздері үгіт материалдарын, парақшаларын таратып жатыр. Үгіт парақшаларын іліп болдық. Күніне әр филиалға 30 шақты қоңырау шалады, сонымен қатар хаттар мен өтініштер көптеп келіп жатыр. Оларда әртүрлі мәселелер көтеріледі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support