- Advertisement -

Қала күні аталып өтті

129

- Advertisement -

Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһарының бүгінгі бейнесі де көз тоятындай көрікті. Күн сайын түлеп жаңарған, сәт сайын заманның талабына жауап беретін кәсіпорындармен, жаңа шағын аудандар, еңселі ғимараттармен толығып отырған Әулиеата шаһарының қарышты қадамы көңіл қуантады.

Жылдағы дәстүр бойынша Қала күні мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекеге арналған салтанатты іс-шара «Көне Тараз» кешенінде кеңінен тойланды. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов тараздықтарды мерекелерімен құттықтап, шаһардың бүгінгі ауқымды жетістіктеріне тоқталды.

– Еліміздегі қалалардың ішінде Тараз шаһарының орны ерекше. Екі мың жылдан астам тарихы бар қаланың бүгінгі жаңарған келбеті де аса шырайлы, көңіл бұрарлықтай ғажайып. Экономикалық, әлеуметтік, мәдени даму жағынан да Тараздың мәртебесі жоғары. Жақында Тараз қаласының Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы тізіміне енгенін білесіздер. Еліміздегі қалалардың ішінен мұндай құрметке Тараз шаһары ғана ие болып отыр. Тараздың гүлденуі – ол сіздердің ортақ еңбектеріңіз, – деді Нұржан Молдиярұлы.

Сондай-ақ облыс әкімі тараздық бірқатар еңбек озаттарын және «Алтын алқа» иегерлерін марапаттап, көпшіліктің алдында құрмет көрсетті. Салтанатты шараның ресми бөлімі аяқталған соң мерекелік концерт басталды. Концерттік бағдарламаны белгілі әзілкештер Еркебұлан Мырзабек пен Марат Оралғазиннің жүргізуі де көпшілікке жақсы әсер сыйлады.

Концерттік бағдарламада елімізге танымал өнер жұлдыздары да өнер көрсетті. Олардың қатарында жастар әнін сүйіп тыңдайтын жас әнші Садраддин Болаттың өнеріне тараздықтар ықыласпен қол соқты. «Ұлы дала баласы» атанған Төреғали Төреәлі де сахнаға көтерілгенде көрерменнің ықыласы ерекше болды. Көпшілік алаңда Төреғалидың әндеріне би билеп, тамаша әсерге бөленді. Осылайша, қала күні мерекесі үлкен сән-салтанатымен аталып өтті. Тараздық бишілер мен күйшілердің өнері де көптің көңілінен шықты.

 

Есет ДОСАЛЫ

Суреттерді түсірген

Ақәділ РЫСМАХАН

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support