- Advertisement -

Асарлатып үй салып берді

23

- Advertisement -

Таластықтар «Асарлатып үй салу» жобасы аясында баспанаға мұқтаж отбасына үй салып берді. Асар дәстүрі бұл жолы ынтымағы мен бірлігі жарасқан Сәду Шәкіров ауылында жалғасып, өткен аптада пайдалануға берілген үйдің лентасын аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков пен ақсақалдар алқасының төрағасы Мәдібек Мылтықбаев қиды.

Демеушілер есебінен сатып алынған баспанаға жүргізілген жөндеу жұмыстары таяуда толық аяқталып, құтты қоныс иесі Нұртілек Мейірханұлына үйдің кілті табыс етілді. Бұл күні жерлестерінің қуанышына ортақтасқан ауылдықтардың атынан ақ жаулықты аналар шашу шашып, қадірменді қариялар ақ батасын берді.

Ел бірлігінің бекемдігін байқатқан аталған жоба ауданда алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

 

Талас ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support