Президенттікке кандидаттарды ұсыну бүгін аяқталады

Президенттікке кандидаттарды ұсыну бүгін аяқталады
ашық дереккөз
Президенттікке кандидаттарды ұсыну бүгін аяқталады
ҚР Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Президент сайлауына үміткер ретінде ұсынылғандардың қатарында «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі атынан Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық қоғамдық бірлестігінен Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев, «Аманат» Қазақстан кәсіподақтарының ынтымақтастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігінен Мейрам Зекешұлы Қажыкен, Халықтық коалиция атынан қазіргі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев және «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан Қарақат Жақсылыққызы Әбден бар. ҚР Президенттігіне кандидаттардың әрқайсысы 118 мың қол жинауы керек. Үміткерлер үшін сайлау жарнасының мөлшері – 3 миллион теңге. Президенттікке кандидаттарды ұсыну бүгін сағат 18.00-де аяқталады.

***

2022 жылғы 10 қазанда Орталық сайлау комиссиясына Талғат Файзуллиұлы Ергалиевтің «Қазақстан құрылысшылар Одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінен ҚР Президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары келіп түсті.

 

 Жүрсінгүл ЖАҚЫП.

Ұқсас жаңалықтар