- Advertisement -

Хақ дінде қауіп жоқ

232

- Advertisement -

Қазақ ежелден дәстүр мен салтты, имандылық жолдарын берік ұстанған текті халық. Оны бабаларымыздың жүріп өткен жолынан көруге де болады. Себебі аталарымыз бен апаларымыз ұстанған дәстүрлі дінде ешқандай ағаттық жоқ еді. Бабаларымыз ұстанған тазалық діні – Алланың хақ діні. Олар КСРО-ның қылышынан қан тамып тұрған кезде де намазын оқыды, оразасын ұстады. Қазақта «Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» деген сөз бар. Дінді ұстану, ізгі жолмен жүру – үлкен қасиет. Соны ұстана білсе, жас ұрпақ ізгілікті, жақсы істерді жанына жолдас етсе, бұл – қуанатын жағдай.

Шыны керек, қазіргі таңда дін мәселесіне келгенде, қоғамның пікірі екіге жарылды. Намаз оқитын кісілерге күдікпен қарайтындар көбейді. Әсіресе ислам дініне сенімсіз қарайтындар да, күйе жағуға асығып тұратындар да бар. Шариғат бойынша ер балаға 12-15 жасынан, қыз балаға 9-12 жасынан намаз парыз етілген. Әрине, бүгінде бұл шартты ұстанып жүргендер көп деп те айта алмаймыз. Негізі жалғыз Жаратушыны әр адам көңілімен танып, іштей құлшылыққа дайын жүргені – дұрыс амалдардың бірі. Имандылық сыртқы формамен емес, ізгі амалмен өлшенсе керек. Бірақ діни фанатизм қазір көп. Мұның шынайы құлшылық, тақуалық болмайтыны да көп айтылуда.

Қазіргі таңда көп ата-аналар кәмелетке жеткен ұлдары мешітке барса қорқып, ойланып тұрады. Баласы жаман жолға түсіп кететіндей күдіктенеді. Осы күдік қайдан келді? Мешіт негізі имандылық орны ғой. Ізгі амалдар, қайырымды істер жасайтын мекен. Сол орыннан кей ата-ана неге сескенеді?

Мешітте кейбір жат ағымдағы, басқа көзқарастағы адамдар да жүреді. Бірақ бас имамдар: «Ислам діні – тазалық діні. Мешіт – тазалыққа, асыл қасиеттерге жол ашатын орын. Бірақ, көптеген ата-аналар мешітке шынымен күдікпен қарап, балаларын мешіттегі сауапты істерге, сауат ашу курстарына жібергілері келмейді. Бізді осы жағдай ойландырады. Негізі, мешіттен шошуға еш негіз жоқ» дегенді алға тартады.

Осы орайда, әр ата-ана өздері мешітке келіп жағдайды біліп, баласын имани біліммен қаруландырса, еш қауіп болмайды. «Жат ағымның өкілдері жүреді екен» деп асыл дініміз – исламнан, оның қасиетті құлшылық орны – мешіттен қашуымызға, оған үрке қарауымызға болмайды. Қайта асыл құндылық, үлкен білім, тәрбие алатын орнымыз – мешіт. Осыны естен шығармаған жөн.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support