Қоғамдық көлік қатынаса…

22

Тараздың түрленгені, гүлденгені өте жақсы. Шағын аудандар көбейіп, жуырда қалааралық автобустардың жүру кестесі де ұзарды. Ол да құптарлық шешім. Әйтпесе, көптеген кісілер жұмыстан қайтар кезде қиналып қалады. Күн болса қысқарып, күздің ызғары сезіле бастады.

Менің айтпағым, 15-шағын ауданға қатынайтын қоғамдық көліктер турасында. Шыны керек, бұл шағын ауданның жолаушылар тасымалынан бөлек те мәселелері жетіп артылады. Дегенмен, ең маңыздысының бірі, қоғамдық көлік қатынасы болып тұр. Біздің жаққа №23 автобус келеді. Ал №17 автобустың жүру аралығы өте ұзақ. Бір сағаттан астам күтіп тұратын кезіміз болады. Ересектер жұмыстан, оқушылар сабақтан кешігіп қалып жатады. Сондықтан 15-шағынаудандағы А.Пушкин көшесінің бойын түгел қамтып, арасы 15-20 минут сайын жүретін бір автобус бағытын енгізіп берсе екен деген өтінішіміз бар. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков біздің ауданға келіп, мұндағы өзге де шешімін күткен түйінді мәселелермен танысса тіпті дұрыс болар еді.

 

Ерубай ӘБДАШІМОВ,

еңбек ардагері.
Тараз қаласы.

Comments are closed.