- Advertisement -

Төккен тері теңіздей

349

- Advertisement -

Төккен тері теңіздей

 

Еліміздің ұстайтын жас тізгінін,

Азаматқа жолын салған ізгінің.

Ана тілі жанашыры Ахаңның,

Сом тұлғасын сағынамыз біз бүгін.

 

Аясында ЮНЕСКО-ның еліміз,

Атап өтіп жатыр оған сеніңіз.

Қазағыма көшбасшының бірі боп,

Төгілген-ді еңбегің мен теріңіз.

 

Ел тағдыры үшін бастап күресін,

Жанын пида етті оны білесің.

Ана тілі, білім, достық, бостандық,

Жұрты үшін қосты Ахаң үлесін.

 

Қызметі де ел аузында белгілі,

Білімімен көрінеді кеңдігі.

Ағартушы мұрасының негізі,

Қазағымның арман-ойы, теңдігі.

 

Әрбір сөзі жағымды да ұнамды,

Қандыратын оқығанда құмарды.

Қатарынан қалмасын деп қазағым,

Мектептерге арнап кітап шығарды.

 

Болмас үшін ұрпақ қараң, біз тұтқын,

Үміт үзбей, болашаққа үздіктің.

Іргетасын қалап кеткен өзіңіз,

Аласармас асқақ тәуелсіздіктің!

 

 Құрмет ТІЛЕГЕНОВ,

жас ақын.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support