- Advertisement -

Қатты отын қат болмасын десеңіз, қазірден қамданыңыз

131

- Advertisement -

Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Аймақ тұрғындарын қысқы отынмен қамтамасыз ету» тақырыбында өткен брифингті облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Руслан Мұздыбеков өңір тұрғындарын қысқа ертерек қамдануға шақырудан бастады.

– Егер облыс тұрғындары әдеттегідей алғашқы қар түскенде емес, қыстың қамына ерте бастан дайындық жүргізсе, жылдағыдай көмірге талас, қысқы отын тапшылығы секілді мәселелер орын алмас еді. Қатты отын бағасы да қымбаттамай, халықтың қалтасына салмақ салмайды.

Жалпы, өңірімізге биылғы жылыту маусымына қажетті көмірдің көлемі – 221,1 мың тонна. Әзірге бюджеттік ұйымдардың – 98, облыс тұрғындарының – 60 пайызы көмірмен қамтылды. Былтыр 20 елді мекенге табиғи газ жүргізілуінің нәтижесінде биылғы сұраныс өткен жылға қарағанда 27,7 мың тоннаға төмендеді. Облыс аумағында көмір сатумен 28 нарық субъектісі айналысады, оның 16-сы өңірлік операторлар. Қазіргі таңда көмір тұйықтарында 18 мың тоннаға жуық көмір бар.

Енді көмір құнына келер болсақ, Шұбаркөл, Қаражыра маркалы көмірлердің бағасы сортына қарай негізінен 14 — 17 мың теңгені құрап отыр. Жеткізу құнын қоса есептесек, ауылдарға 18-22 мың теңге шамасында сатылуда, – деді басқарма басшысы өз сөзінде.

Бүгінде облысымыздың 88 пайызы табиғи газбен қамтылған. Тек 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 100 пайызға жеткізіледі деп күтілуде. Ал ол уақытқа дейін көмірге деген қажеттілік пен сұраныс тоқтамайтыны түсінікті. Сондықтан оның бағасы шарықтамай тұрып, қазірден бастап қамданып қойған абзал.

 

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support